Оқиғалар

30 қараша мен 1 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік өнер музейі жабық болады

Құрметті біздің музейдің қонақтары! 30 қараша мен 1 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік өнер музейі жабық болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Фотокөрмесі Германияның қайтадан бірігуінің 30 жылдығына арналады

Құрметті өнер сүйер қауым! Біз Қазақстандағы Гете институты және Шетелмен байланыс институтымен (ifa, Штутгарт) бірлесіп ұйымдастырылатын жыл сайынғы көрменің ашылғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Уақыттағы саяхат атты фотокөрмесі Германияның қайтадан бірігуінің 30 жылдығына арналады. Көрме неміс баспасөз фотографиясының әйгілі шеберлері Эрих Заломон мен Барбара Клемнің біртуар тарихи суреттерін ұсынады. Қос фотографқа фотожурналистиканың дамуына салмақты ықпал етіп, өздерін әлемге танымал еткен ерекше авторлық фоторепортаж стилі тән.

«Абай – халық даналығы»

Бүгін, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Абай – халық даналығы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, сондай-ақ көрменің ашылуында «Абай бейнесі – Қазақстан суретшілерінің көзімен» атты каталогының тұсаукесері болды. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-философ, композитор, көркем сөз шебері Абай Құнанбаевтың жеке тұлғасы мен шығармашылығына арналған каталогы «Bank RBK» АҚ қолдауымен

жарық көрді. Экспозицияда Абайдың бейнесі мен шығармашылығына арналған әр кезеңдегі суретшілердің 70-тен астам кескіндемелік, графикалық, мүсіндік туындылары ұсынылған. Бұл шығармаларда өткен ғасыр мен қазіргі заман шеберлері Абай бейнесін, оның ұлылығын бейнелейді.

Авторлық интерьерлік қуыршақтардың «ӘРҚАШАН БІРГЕ» төртінші халықаралық көрмесі

Кеше, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 4-ші халықаралық «Әрқашан бірге» атты авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина және Франциядан келген хас шеберлердің туындылары қойылған. Көрмені ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы және Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас консулы Евгений Петрович Бобров ашты.

«Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем»

2020 жылдың 28 қазанында сағат 12: 00-де - Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «Стоп Мусор» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырған картиналар көрмесі келушілердің назарын қалаларда да, табиғат аясында да қоқыстың көбею проблемасына аудару үшін жасалған.