Оқиғалар

«Қазақстан өнеріндегі есімдер» көрмесі

2021 жылы 17 тамызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қалалық «Самоцветы» клубының құрылғанына елу жыл толуына арналған «Қазақстан өнеріндегі есімдер» атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады.

Экспозицияға 110-нан астам кескіндемелік, графикалық туындылар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылады.

 

«Сұлулықты көре білу қабілетін сақтаған адам қартаймайды …»

                                                                                                      Франц Кафка

1971 жылы Алматы облыстық кәсіподақтар кеңесі облыстық өнерпаз суретшілердің бірлестігін құрып, оған «Самоцветы» деген ат берген кезден бастап осы ұжымның тарихы басталды. Кейінірек белгілі болғандай, 400-ден астам суретшіні біріктірген бұл ұйым КСРО-дағы ең ірі шығармашылық ұжымдардың бірі болды.

«Самоцветтің» өзі Бүкілодақтық, Республикалық, Халықаралық көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы, ал оның көптеген мүшелері – осы көрмелердің лауреаттары болды.

 1974 жылы жазда «Самоцветтің» делегациясы КСРО халықтары өнерінің үлкен мерекесіне қатысып, КСРО ХШЖК алтын диаломымен марапатталды.

«Самоцветтің» барлық қызметі қоғамдық негізде құрылып, оның мүшелері халық шаруашылығында, кәсіпорындарда, мәдениет, ғылым, медицина мекемелерінде және т. б. салаларда жұмыс істеді.

Оларды біріктірген – өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысы.

«Самоцветтің» негізгі міндеті – қалың бұқара арасында өнерді насихаттау және көркемөнерпаздар өнерін одан әрі дамыту.

Сол кезде Қазақстан Суретшілер Одағы оларға В. Антощенко-Оленев, Үкі Әжиев, Сахи Романов, А. Дьячкин, И. Квачко, Б. Чувылко, Н. Полонская, М. Миллер және т. б. көрнекті өнер қайраткерлерін жіберіп, үлкен көмек көрсетті.

Көптеген жылдар бойы өзінің жұмыс шеберханасында белгілі суретші КСРО Суретшілер Одағының мүшесі И.Я. Стадничук «Жұма» акварель студиясын тегін жүргізіп, «Самоцвет» мүшелеріне көмек көрсетті.

Клубтың құрылып, қалыптасуына Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, акварельші Ю.С. Шнайдерман зор үлес қосты, ол көп жылдар бойы оның төрағасы және кураторы болды. Ол өзі суретші, бард, ҰОС қатысқан, керемет адам еді.

Көр ұзамай, «Самоцветке» Суретшілер одағына мүше болмаған жас кәсіби суретшілер ағылып келе бастады.

Бүгінде «Самоцветтің» қызметі жайлы бірі білсе, бірі білмейді. Алайда, өнертанушылар мен басқа да зерттеушілер кеңестік қызметтің халықтық көркемөнерпаздар бейнелеу өнері сияқты ерекше құбылысына қызығушылық танытып, осы мәселе бойынша өз сөздерін айтатын уақыты келеді деген сенімдемін.

КСРО сияқты алып елдің күйреуінің нәтижесінде «Самоцвет» сияқты үлкен шығармашылық бірлестіктің де жұмысы тоқтап қалды. Алайда Алматы қаласының суретшілері өзара кездесуді жалғастыра берді.

2004 жылы Г.С. Коржинская басқаратын Алматы мүгедек балаларды оңалту орталығы клубқа жұмыс істеу үшін өзінің мәжіліс залын ұсынды.

Сол жылы Алматы суретшілері жиналыстарының бірінде бірлестікті Алматы қалалық бейнелеу өнері әуесқойларының «Самоцвет» клубы етіп қайта құруды ұйғарды.

Бүгінгі таңда клуб құрамына жақын қалалар мен облыстардың суретшілері кіріп отыр. Сондай-ақ, біздің бірлестікте арнайы білімі бар көптеген суретші-педагогтар мен басқа мамандықтағы адамдар бар.

Клуб суретшілері 50 жылдан бері жиналып келеді, қаланың түрлі галереялары мен көрме залдарында топтық және жеке көрмелерін ұйымдастырып өткізеді.

Бірлестік  қызметіне қызығушылық танытқандар үшін біздің есігіміз әрқашан ашық.

Қазіргі кезде қала музейлері мен галереялары, Алматы мемлекеттік мұрағаты «Самоцветке» барынша қолдау көрсетіп, оларға өз залдарын көрме өткізу үшін ұсынуда.

«Самоцветтің» өткізген көрмелері тек клуб мүшелері үшін ғана емес, сонымен қатар оларға баратындар үшін де шынайы өнер мерекесіне айналды.

«Самоцвет» клубының төрағасы, суретші-педагог Н. Г. Кухаренко

Көрменің жетекшісі – Нугуманова Ш.

samozvety-002
samozvety-001
samozvety-003
samozvety-004