2021 жылдың 10 тамызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Герман Титовтың "Саяхатқа шақыру" атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің 40-қа жуық кескіндеме туындылары қойылған.
Герман Титов Украинада 1962 жылы дүниеге келген. Ресей Суретшілер Одағының Мүшесі. 1964 жылы оның отбасы Қазақстанға, Алматы қаласына қоныс аударды. Орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына көркем-графикалық факультетіне түседі.
Оқу кезінде суретшілер тобы - "Арт тобы" құрылды. "Арт тобы" Қазақстанда дербес және ұжымдық жобаларға қатыса отырып, 1987 жылдан бастап 1992 жылға дейін Алматыда көптеген көрмелер өткізді. 1990-шы жылдардағы қазақстандық суретшілердің негізгі шығармашылық идеяларын біріктірген "Перекресток" көрмесі ең маңызды көрме болды.
Соңғы жылдары Алматы мен Мәскеу арасында жүріп, Герман өзінің шығармашылық жолын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Королев қаласында, Мәскеу облысында тұрады. "Саяхатқа шақыру" көрмесі соңғы төрт жылғы 39 кескіндеме туындыларын ұсынады. Суреттердің сюжеттері қазіргі қаланың өмір динамикасында туылған қарапайым адамның ойлары. Мысалы, "Саяхатқа шақыру" атты шығармасында шеңбердің ортасындағы рюкзак артқан ер адамның бейнесі көрсетілген. Адамның силуэтінің артында сәулет құрылымы ашылады. Герман өз жұмысын акрилмен кенепке жазады. Бояудың қасиеттеріне байланысты кескіндеме жарқын және мәнерлі болады.
Экспозицияда "Кеш", "Төбешік", "Үйлер", "Түтіндер", "Жасыл алқаптар", "Қызыл алқаптар", "Ымырт", "Төбелер" және "Жаңғырық" туындылары да қойылған. Бұл жұмыстар Тондо форматында, шындықтың эмоционалды сезімін қарқынды түстердің үйлесімі арқылы жеткізеді. Мысалы, "Қала", "Арман", "Ұшақ мықты ма немесе машина мықты ма" атты басқа туындыларында бұлыңғыр, қызыл-қоңыр-қызғылт сары, шоколад реңктер арқылы бір жағынан күннің қызуын көрсетеді, ал екінші жағынан белгілі бір шаршауды көрсетеді.
Үлкен көлемді кенептерде суретші өткен күннің әр сәтін бейнелейді. Кез-келген адамның өміріндегі ең қарапайым, күнделікті оқиғалар өткен күннің соңында ұмытылады, бірақ Герман Титов бұл сәттерді суреттерінде есте қалдырады. Белгілі бір жағдай туындаған кезде, ассоциативті қатар ойларда пайда болып суретшінің жаңа шығармашылық идеяларын, сюжеттерін тудырады. Сол заманауи бейнелер арқасында көптеген адамдар өздерінің дүниетанымдары туралы әңгімелерді жүргізетін сияқты, бірақ Герман Титов бұл әңгімелерді өзінше, өте ерекше және стильді түрде жазады.
Оның кескіндемесінің басты ерекшелігі- сызықтармен қоршалған жарқын түсті бояулардың үйлесімі жұмыстардың графикасы.
Айқын сызықтармен көмкерілген жарқын түстердің үйлесімі кескіндемеге графикалық сипатын береді.
Бұл кейіпкерлердің әртүрлі бейнелері мен ойларына толы сапарға шақыру. Жолда кездесетін қала тұрғындарының бет-әлпетіндегі эмоциялар палитрасы осындай серияны жасауға шабыт берді. "Саяхатқа шақыру" көрмесі біздің заманымыздың контекстіндегі ойлар мен сезімдердің калейдоскопы ретінде адам өмірін түсінуге әрекет етеді.
Көрме 2021 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады