Оқиғалар

Александра Кимнің «Таң сәрі» атты жеке көрмесі

2021 жылдың 6 тамызынан бастап Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында суретші Александра Кимнің «Таң сәрі» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 2020-2021 жылдардағы графика және акварель техникасында орындалған жұмыстары қойылады.

 «Өзінің тоқтаусыз оқиғалар тасқынымен айнала қоршаған өмір мені уақытты біршама тоқтата тұрып, баланың, ойшылдың және куәгердің күйінде болған жақсы болар еді деген ойға алып келді. Менің алғашқы көрмемнің өзі де сол жайлы».

2021 жылдың 6 тамызынан бастап Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында суретші Александра Кимнің «Таң сәрі» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 2020-2021 жылдардағы графика және акварель техникасында орындалған жұмыстары қойылады.

Александра 1998 жылы Алматыдағы № 25 гуманитарлық-лингвистикалық гимназияны тәмамдады. 2003 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін аяқтап, «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша диплом алды. 10 жыл бойы компанияларда жетекшінің ассистенті және HR менеджер болып қызмет атқарды.

2014 жылы, 33 жасқа келгенде ол сурет салумен әуестене бастайды. Алғашында бұл жай ермек сияқты болатын. Сурет салуды үнемі жалғастыра беру қажеттігі белгілі бола бастайды. Сурет салуға деген ықылас арта түсіп, жетілудің жаңа мүмкіндіктері пайда болады.

Александраның 2016 жылы зерделей бастаған акварель техникасы түс пен форма әлемін мүлдем тосын қырынан ашып береді. Акварель арқылы өз ойын жеткізудің жаңа мүмкіндіктері табылады.

Александра кітап графикасына зор ықылас танытып, көркем әдебиет және өлеңдік шығармаларды иллюстрациялап, осы бағытта көп жұмыс істейді.

Ұдайы ізденіс, талдау және өз түйсігіне деген сенімі арқылы суретші шектеліп қалмай, өз жұмыстарындағы еркіндік пен даралықты көрсетуге мүмкіндік алады.

«Шабыт қашан келеді деп күтіп отырмау керек, жұмыс барысында ол өзі келеді. Шығармашылық процеске мен жан-тәніммен кірісіп кетемін, осы кезде ол маған көптеген бақытты сәт сыйлайды, табиғатқа жақын болуға, оны түсінуге мүмкіндік береді. Жаратылыс көп қырлы әрі табиғи жетілген. Шығармашылық та сондай».

Көрме 2021 жылдың 6 қыркүйегіне дейін жалғасады.

kim-002
kim-001
kim-003
kim-004
kim-005