2021 ж. 10 наурызынан бастап, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинақтамасынан Еуропа баспа графикасымен (гравюра және офорт) таныстыратын «16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі ашық. Экспозицияға Германия, Франция және Голландия суретшілері Альбрехт Дюрер, Жак Калло, Рембрандт Ван Рейн, Антони Ватерло, Ян Ливенс сынды белгілі қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылды.
2021 жылдың 5 наурызынан бастап, ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында «Тұмар - aрт» суретшілер қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырылған «Көктемгі шабыт» атты көрмесі ашылады.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына арналған «Гүлдене бер менің Қазақстаным» көрмесінің ашылғаны туралы хабарлайды. Журналистерге арналған баспасөз-туры 4 наурызда сағат 11:00-де өтеді. Көрме 5 наурыздан 4 сәуірге дейін музейдің жұмыс уақытында - дүйсенбі мен айдың соңғы күнінен басқа күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін келушілер үшін ашық.
2021 жылдың 3 наурыз күні сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, белгілі график-суретші Батухан Әбдікерімұлы Байменнің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «NOMADS» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
2021 жылдың 14 қаңтар күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Өмір иірімдері» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге тушь, қаламұш техникасында орындалған 34-тен астам графикалық жұмыстар қойылған.