Оқиғалар

Әлібай Бапановтың «АСПАН МЕН ЖЕР» атты жеке көрмесі

ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде, 7-қазан, 2021 жылы, 16.00-де Әлібай Бапановтың «АСПАН МЕН ЖЕР» атты жеке көрмесі ашылады.
Көрмеде автордың жеке қорынан 70-ке таяу жұмысы қойылған.

Әлібай Бапанов – қол өнері мен бейнелеу өнерінің қиылысқан тұсында еңбек етуші белгілі шебер. Білімі жөнінен суретші монументалшы ол, кең құлашты композициялар жасауға бейілді. Алғашында гобелен тоқыды, сосын текемет пен жүннен көлемді артефактілер (жәдігер бұйымдар) жасай бастады. Картиналар жазды. Соңғы жылдары ескі кілемдер бетіне метафоралық композицияларды бейнелеуге көшті.

Авторды көшпенділер тақырыбы мен оларға байланысты барлық дүние шексіз тебірентеді. Көрмеде қойылған жұмыстарда «полимпсестке» жіберетіндей, ескі қолжазбалардың үстіне жаңасын жазғандары: «Жарқын дүние» (2020), «Әлем айшықтары» (2021), «Мәңгілік» (2020), «Наурыз» (2021) таңқаларлық еркіндікте орындалған. Бұларда астынан сәуле шаша көріну эфектісі әр қатпардың қылаң беруі, түсті таңбалардың бірмезгілде байқалуы, сызықтар мен өзге де белгілердің жоғары бетінде ойнауы қатар жүреді. Бұл кеңістікте көне мен бүгіннің «бөлшектері», ою-өрнек пен адам бет-бейнесінің бірге өрілуі, сондай-ақ жануарлардың шағын сұлбалары тізіліп тұтас және бөлінбес – көшпенділер әлемін құрайды.

Баян Барманқұлова жазғандай: «Суретші қазақ мәдениетінің кеңістігінен» ешқашанда шет шықпайды. Бір ғана талантты адамның өткен шаққа деген махаббаты өшкенді тірілтіп, үндес-тілектес, көрермен үшін маңызын арттырады».

Қысқаша өмірбаяндық анықтама:

Бапанов Әлібай Қалтайұлы 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1973 жылы Н. В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін, 1979 жылы Мәскеудің В. Н. Суриков атындағы Мемлекеттік Көркемсурет институтын бітірген.

Т. Жургенов атындағы Қазақ ҰӨА-ның профессоры. «Тарлан» сыйлығының Лауреаты.

bapanov-002
bapanov-001
bapanov-003
bapanov-004
bapanov-005