2021 ж. 8 қазан күні сағат 14.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» атты көрмесі ашылады.
Көрме «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» тарихи архивтік және визуалды материалдардың еліміздің тарихын зерделеуде құнды деректеме болатындықтан, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Көптеген ғасырлар бойы Қазақстан тарихы мен мәдениеті шығыс пен батыс өркениеттерімен тығыз байланысып, олармен әрекеттесе отырып дамыды. Ұлы дала бұрын әртүрлі оқиғаларға тартылды, сондықтан, тарих призмасы арқылы және қазіргі кезеңдегі аймақтың геосаяси үрдістерін зерделеудің өзектілігін арттыра түседі. Зерттеу қазақ мемлекеттілігі тарихын жаңғырту, сондай-ақ, қазақ халқының бірегейлігі мен тарихи-мәдени мұрасын тұтас қамтуды қалыптастыруға себепші болады.
Көрменің мақсаты – ертеден бастап қазіргі заманға дейінгі қазақ мемлекеттілігі тарихының шынайы сипатын реконструкциялайтын шетелдің архивтік қорларындағы тарихи ескерткіштердің қолда бар және жаңа бірегей көшірмелерін көрсету.
Көрме экспозициясы 40 фотодокументтерден тұрады және қазақ әлемін тарихи-мәдени көріністердің хронологиялық реттілігі мен сан алуандылығымен танытады. Көрмеде қазақ халқы тарихы мен мәдениетіндегі аса қызықты, маңызды экспонаттар, сонымен қатар, шет елдердің (Қытай, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Италия, Венгрия) архивтері, қорлары мен музей жинақтарынан алынған визуалды артефактілердің көшірмелері ұсынылған. Көрмеде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ғалымдарының генезис, тарих, Қазақстанның ерте, ортағасырлық, жаңа кезеңдегі тарихын айқындау және ғылыми пайымдауларына байланысты еңбектері ұсынылған.
Сонымен қатар, Сізді «Артефактілер мен архивтік құжаттардағы қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты халықаралық вебинарға баяндамашы/тыңдаушы ретінде қатысуға шақырамыз.
Вебинар уақыты – 15:00 – 17:00 (GMT+6). Zoom-ге қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/85118172651?pwd=cUNhUHArNmJydEVLa3JEaXpZb3I0Zz09