2022 ж. 1 маусымында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі «АЛТЫН БЕСІК» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылына арналады.
2022 жылы 26 мамырда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қанат Шүкірбектің «Өмір – өнер жолы» атты жеке мерейтойлық көрмесі өтеді.
27 мамырда сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан суретшісі сөйлейді. 2021-2012» кітабының таныстырылымы өтеді.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның қазіргі экономикалық кеңістігіндегі дизайн түрлерінің бірі – графикалық дизайн саласын талқылау және проблемаларға талдау жасау жоспарлануда.
2022 жылдың мамыр айының 20-22 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында «Жібек жолы» атты Үлкен Орта-Азиялық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.