Оқиғалар

Korkut дыбыс өнері жəне жаңа музыка биенналесі

Қазан айында «Целинный» заманауи мəдениет орталығы ұйымдастыратын Korkut дыбыс өнері жəне жаңа музыка биенналесі Алматының əртүрлі алаңында өтеді. Бағдарламаға қазақстандық жəне халықаралық артистер қатысуымен үш концерт, site-specific бес аудиовизуалды инсталляция, халықаралық суретшілердің артист-токы жəне халық музыкалық аспаптары музейіндегі көрме кірді.

Биеннале атауы Қазақстанның бірегейлігі мен мəдениетінің маңызды бөлігі ретінде дыбыс пен музыкаға деген қызығушылықты көрсетеді. Қорқұт, Қорқыт немесе Горкут ата – түркі жыршысы, қобызды ойлап тапқан, ақын, дастаншы, ақындар мен музыканттар жебеушісі. Қазақтың түрлі эпосы мен фольклорлық мəтінінде музыка мен дыбыс трансценденттік тəжірибені басынан өткеру жағдайына нұсқау ретінде айтылады.

Бұл – Қазақстанда дыбыс өнеріне қатысты осындай ауқымдағы бірінші шара, ал биеннале форматы шараның 2 жылда бір қайталанатынын білдіреді. Қатысушылар қатарында мынадай артистер бар: қазақстандық жас суретшілер Kokonja, Qum.arna жəне Дария Темірхан, қазақ-америкалық дыбыс өнері дуэті the2vvo (Эльдар Таги жəне Лена Позднякова), гонконг-британдық дыбыс суретшісі жəне зерттеуші Хуншо Фань, өзбек видеосуретшісі Саодат Исмаилова, видеосуретшісі Мексикада, Бразилияда жəне Францияда жұмыс істейтін Феликс Блюме.

Бағдарлама кураторы Əнуар Мүсірепов биеннале тұжырымдамасы жəне қатысушыларды іріктеу принципі туралы былай дейді:

«Бағдарламаның негізгі лейтмотивтерінің бірі – əлемнің басқа сезімталдығын іздеу. Инсталляциялар мен саунд-перформанс авторлары шындықты қайта сиқырлауға тырысып, салттық практикаларға жүгінеді жəне табиғат элементтерімен, алгоритмдермен жəне басқа non-human агенттермен бірлесіп автор болады, шынайылықтың шекарасын бұлдыратады, дыбыстық ортаға терең ену тəжірибесі арқылы трансцендентті бастан өткеруге шақырады».

 

Биенналенің ең ірі шаралары – ТМД елдеріндегі экспериментал музыкаға арналған ең ірі фестиваль «Дайындалған орталар» шоукейсі  жəне EEGERU қазақстандық заманауи музыкалық ансамблінің арт-группа жəне bULt техно клубы, ресейлік саунд-суретші жəне зерттеуші Дмитрий Морозовпен (::vtol::, қазір Алматыда тұрады) бірлескен «41 орындалу музыкасы» эксперименттік зерттеу жобасы премьерасы.

Жоба туралы «МО41» тұжырымдамасының бірлескен авторы Əсел Шəлдібаева былай дейді:

«Біздің жобамыз – кездейсоқ таңбалар мағынасын бірге қарастыру жəне олардан кейінгі дыбыстың пішінін тыңдау арқылы Шындықтың не екенін анықтау əрекеті. Концепция кездейсоқтықтың философиялық ұғымына жəне көркем құрал ретінде зерттеу тəжірибесіне негізделген; сызықтық уақыт пен субъект-объект қатынастары идеясына негізделген «алдын ала болжау» логикасы мен нəтижелерін түсіну». 

Биеннале орталықсыздандырылған – іс-шаралар қаланың барлық аумағында өтеді. Бекітілген локациялар ішінде мыналар бар: саунд-суретші Kokonja биеннале үшін арнайы жасалған инсталляцияны ұсынатын Ботаникалық бақ, биенналенің білім беру бағдарламасы өтетін Орталық көрме залы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі. Онда куратор Владислав Слудский «Қызыл трактор» арт тобының қолдан жасалған музыкалық аспаптары көрмесін, фотолаборатория жəне Феликс Блюменің видеоинсталляциясы қойылатын Atelier Cauchemar галереясын ұсынады. Ашылу 6 қазанда Ə.Қастеев атындағы Орталық көрме залында өтеді. Онда суретші Дария Темірханның саунд-инсталляциясы қойылады.

Дария биеннале үшін арнайы жасаған жұмысы туралы былай дейді:

«Мен Қазақстанның батысындағы Жайық өзеніне саяхаттауды жоспарлап отырмын. Батыстың күйшілік дəстүрі біздің заманымызға жеткен санаулылардың бірі екені белгілі. Батыс мектебі өзінің динамикасымен, ырғағымен ерекшеленеді. Бұл дыбысқа Жайық өзені шабыт берді, ол сыйлық беруге жомарт болды, бірақ сонымен бірге ауылдарды бұзып, адамдардың өліміне əкелуі де мүмкін. Туындыларым арқылы Жайықты естігім келеді, ол не дейді екен, нені еске алады екен?! Саяхат кезінде су дыбыстары жазылады. Содан кейін мен аудио трекке графикалық партитура жасаймын». 

Биеннале кестесі:



6.10

 

5 инсталляцияның ашылуы

 

6.10

18:00

Биеннале ашылуы + Дария Темiрханның инсталляциясы ашылуы

Орталық көрме залы

Желтоқсан көш., 137

7.10

17:00

Sound Off көрмесінің ашылуы

Ықылас атындағы халық аспаптары музей,

Зенков көш., 24

7.10

18:00

Владислав Слудскийдің Sound Off көрмесіне кураторлық тур

Ықылас атындағы халық аспаптары музей,

Зенков көш., 24

8.10

14:00

Саида Еламанованың Sound Off көрмесіне арналған лекциясы

Орталық көрме залы

Желтоқсан көш., 137

14.10

16:00

Официальное открытие site-specific инсталляции

«Жылыжай»

Ботаникалық бақ, Тимирязев көш., 36Д жəне əл-Фараби даңғылы, 71а

15.10

14:00

Sound Off көрмесінің кураторлық туры

Ықылас атындағы халық аспаптары музей,

Зенков көш., 24

20.10

18:00

Хуншо Фанның артист-токы

Ықылас атындағы халық аспаптары музей,

Зенков көш., 24

21.10

17:00

Феликс Блюме инсталляциясының ресми ашылуы

Autelier Cauchemar

ул. Гоголя, 40, 1 этаж

22.10

18:00

Концерт: Korkut Sound

Ықылас атындағы халық аспаптары музей,

Зенков көш., 24

28.10

17:00

Саодат Исмаилова инсталляциясының ресми ашылуы

Алаң анықталып жатыр

29.10

18:00

Концерт: 41 орындалу музыкасы

Алаң анықталып жатыр

 

2.11

20:00

Концерт: Дайындалған орталар

Алаң анықталып жатыр

3.11

18:00

Artist-talk: Дайындалған орталар

Орталық көрме залы

Желтоқсан көш., 137

4.11

17:00

the2vvo инсталляциясының ресми ашылуы

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі

Көктем-3 ықшам ауд., 22/1

Korkut-тың серіктестері:

  • «Целинный» ЗМО стратегиялық серіктесі Visa

– Алматының бас ботаникалық бағы

  • Ə.Қастеева атындағы мемлекеттік өнер музейі

  • Atelier Cauchemar

  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

  • bULt

  • EEGERU ансамблі

  • cultura.kz

Қатысушылар туралы:

Дайындалған орталар – 2009 жылдан бері Мəскеуде өткізіліп келе жатқан экспериментал дыбыстық жəне технологиялық өнерге бағытталған халықаралық фестиваль. Фестивальдің мақсаты – əртүрлі өнердің музыкамен, ғылыммен жəне техникамен синтезін дамыту. 12 жыл ішінде фестиваль Ресейдегі дыбыс өнері саласындағы ең ерекше жəне əдеттегіден тыс шара ретінде танымал болды.

Феликс Блюме – Францияда, Мексикада жəне Бразилияда тұратын көп салалы суретші. Ол өз шығармаларында ең əуелі табиғи ортадан да, қалалық ортадан да тапқан дыбыстан бас тартады. CTM фестиваліне (Берлин), Роттердам кинофестиваліне, Sonic Acts биенналесіне (Амстердам) қатысты, оның жұмыстары Центр Помпидуға (Париж) жəне басқа да халықаралық мекемелерге қойылды.

the2vvo (Эльдар Таги мен Лена Позднякова) – Алматыда құрылған Лос-Анджелестегі суретшілер дуэті. Олар аудиовизуал жиынтықтарды орындайды, жанрлар қоршаған ортадан техно мен шуға дейін өзгереді. Unsound (Польша, Қазақстан), CTM жəне Bauhausfest (Германия), Perpetual Dune жəне Soundedro (АҚШ) фестивальдеріне қатысып, Kuona Trust Gallery (Найроби, Кения) жəне Studio 106 (Лос-Анджелес, АҚШ) галереяларына арнап инсталляциялар жасады.

Дəрия Темірхан — Орал мен Алматыда тұратын суретші. Оның жұмысының негізгі бағыттары – көркемдік, цифрлық жəне физикалық коллаждар, саунд-арт жəне видеоарт. Ол қала өмірінің тақырыптарын қозғап, оны ауылдар мен облыс қалалары заңдылығына қарсы қояды. YEMAA gallery (Атырау), BLVD ART BALL X, 8 1/2 жəне Food for Think (Алматы) «Ойлап табу» топтық көрмелеріне қатысты.

Қызыл Трактор — шымкенттік діни өнер ұжымы. Олар перформанстар, инсталляциялар, видео-арт арқылы қазақтың дəстүрлі мəдениетін, номадизм пен шамандық мұрасын зерттейді. Олардың шығармасында ағаш пен жүн жиі кездеседі, сонымен қатар шаң-қобыз, домбыра сияқты дəстүрлі музыкалық аспаптар да бар.

::vtol:: (Дмитрий Морозов) – Мəскеуден келген суретші жəне зерттеуші, қазір Алматыда тұрады. Өнер, ғылым жəне технология қиылысында жұмыс істейді, роботты инсталляциялар мен интерактив жобалар жасайды. Оның жұмыстары «Гараж» музейінде, Третьяков галереясында, ZKM (Карлсруэ) жəне 4-ші Мəскеу заманауи өнер биенналесі негізгі жобасы аясында ұсынылды.

Qum.arna — саунд-суретші жəне алматылық музыкант. Əділ смартфонындағы GarageBand қосымшасы арқылы атональды музыка жасайды жəне сонымен ғана шектелуді жөн көреді. Соның арқасында ол өзінің стилі мен эстетикалық идеяларына жақсы сəйкес келетін дыбысты шынайы түрде өңдей алады.

Kokonja (Дария Нұртаза) Ақмола облысынан шыққан көп салалы суретші, Алматыда тұрып, жұмыс істейді. Ол өз шығармасында балалық шағында ауылда қалған естелігіне сүйенеді. Davra ұжымы құрамында documenta 15 (Кассель), Ə.Қастеев атындағы Өнер музейіндегі топтық көрмелерге, 36-үй, Esentai Gallery (Алматы), YEMAA art space (Атырау) жəне Topos Projects Gallery (Лондон) қатысты.

bULt — өзін өмірдің барлық түрі үшін қауіпсіз орта ретінде көрсететін техно клуб жəне шындықтың табиғатын зерттейтін жəне Рейв кеңістігінде дала сынақтарын өткізетін өнер тобы. Наурыз айында Қазақстанның Гёте институты қолдауымен Берлин аудиоплатформасының жəне SFX лейблінің шоукейсі өтті.

EEGERU — Қазақстандағы жалғыз заманауи музыка ансамблі. Музыкалық ойлаудың заманауи түрлеріне деген құштарлық біріктірілген. Топтың ерекшелігі сол, оның мүшелері еуропалық жəне қазақ халық аспаптарында бірдей ойнайды. NAURYZ XXI (2018) жəне Eegeru Connect.Made in Germany (2019) заманауи музыка фестиваліне қатысты, Қазақстандағы Гёте институтымен жəне Британ кеңесімен бірлесіп жұмыс істеді.

Саодат Исмаилова — өзбек режиссеры, видеосуретші жəне зерттеуші. Ол өз тəжірибесінде жойылып бара жатқан білімді іздеумен, эмоционал жəне сезімтал рефлексиямен, Орталық Азия аймағының ұжымдық жады феноменін зерттеумен айналысады. Венециялық биеннале мен Кассельдегі 15 documenta, Берлиндегі, Роттердамдағы жəне Копенгагендегі кинофестивальдерге қатысқан.

Хуншо Фань — гонконг-британдық пəнаралық зерттеуші, композитор жəне суретші. Ол акустикалық аспаптарды, тірі электрониканы, генератив визуал эффектілерді, жарық пен дене қозғалысын зерттейді. Хуншо дəстүрлі мəдениет пен озық технологияны

заманауи өнер түрінде біріктіруге қызығады. NOVARS зерттеу орталығында PhD докторы (Манчестер университеті).

БАҚ тіркеуден өте алатын пошта адресі – Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Ашылау өтетін орын: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137. Сілтемелер:

 

Контактілер:

    • Анна Кин, пресс-менеджер: +7 (708) 909-63-69

    • Арсений Аксенов, смм-менеджер +7 (776) 796-46-59

 

«Целинный» туралы

«Целинный» заманауи мəдениет орталығы қазіргі заманғы мəдениет пен өнер арасындағы пəнаралық өзара əрекеттесуді дамытуға бағытталған Қазақстандағы алғашқы жекеменшік институция. Орталықтың негізін қазақстандық кəсіпкер Қайрат Боранбаев қалаған жəне ол британдық сəулетші Асиф Хан қайта жасап жатқан кеңестік дəуірдегі «Целинный» кинотеатрында орналасқан.

 

«Целинный» панорамалық кинотеатры типтік жоба бойынша 1964 жылы салынды (сəулетші С. Розенблюм, қазығын қаққан В. Кацев, Б. Тютин, инженер В. Семенов). Ол бірден Кеңестік Алматы-Ата тұрғындарының ең танымал демалыс орындарының біріне айналды (мысалы, 1982 жылы оған екі миллионнан астам адам барған). Фойенің жарқыраған шыны қасбеті бар Алма-Ата Бродвейіне қараған Целинный кинотеатрының бірегей визуал бейнесі суретші Евгений Сидоркиннің көшеден қарағанда көрінетін ат жарыстарын, билерді жəне жанрлық көріністерді бейнелейтін алып сграффитосының арқасында қалыптасты. XXI ғасырдың бірінші онжылдығында кинотеатр қайта салынып, түнгі клуб ретінде пайдаланылды, қалалық демалыс үшін танымал орын болып қалды. 2018 жылы ғимаратты көрме жобаларына бейімдеу кезінде бұрын жоғалған деп саналған Сидоркин сграффитосының түпнұсқалары табылды.

«Целинный» заманауи мəдениет орталығы зиялы қауымның артуына үлес қосып жатыр. Целинныйдың институционалдық стратегиясы «осында» жəне «қазір» деген екі мотивтің симбиозына негізделген: осында деген – көрмелер, кинобағдарламалар, танымдық іс-шаралар, музыкалық-би қойылымдары жəне басқа да эксперименттік көркемөнер түрлері, қазір деген – орталықтың болашақта дамуына бағытталған зерттеу бастамасына негізделген жобалар: құжаттама, академиктерге арналған резиденциялар жəне баспа бағдарламасы.

Орталықтың негізгі міндеті – көркемдік, академиялық, ғылыми ортада процестер мен ашық ой-талқы мен сыни пікірталас алаңын жасау. Баспа бағдарламасы жаңа, заманауи мəселелерге байланысты зерттеулерге қызығатын авторлармен жұмыс істейді. Осылайша, бұл зерттеулер нəтижесіне кең жəне кəсіби аудитория қол жеткізе алады.