2021 жылдың 14 мамыр күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Вячеслав Люй-коның «Кеше. Бүгін. Ертең» атты жеке көрмесінің сағ. 15:00-де баспасөз-туры, 16:00-де ашылуы өтеді.
2021 жылдың 1 мамыр күні сағ. 15-00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан халықтарының Бірлігі күнін тойлау шеңберінде қазақстандық суретші Нұршидин Баратовтың «Жарқын аспан» жеке көрмесінің ашылуы мен баспасөз-туры өтеді. Экспозицияда суретшінің 80 аса кескіндемелік туындылары ұсынылған.
2021 жылдың 13 сәуірі күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60-жыл толуына байланысты көрме ашылады.
Аталған мерейтойға байланысты ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев Атындағы Өнер Мұражайы өз қорынан Қазақстанның танымал суретшілерінің кескіндемелік және графикалық туындыларын назарларыңызға ұсынады.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.
2021 ж. 10 наурызынан бастап, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинақтамасынан Еуропа баспа графикасымен (гравюра және офорт) таныстыратын «16-17 ғасырлардағы Еуропа графикасы» көрмесі ашық. Экспозицияға Германия, Франция және Голландия суретшілері Альбрехт Дюрер, Жак Калло, Рембрандт Ван Рейн, Антони Ватерло, Ян Ливенс сынды белгілі қылқалам шеберлерінің 100-ден астам туындысы қойылды.