Оқиғалар

Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-30 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-30 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee  брендінен Säule Арт-инсталяциясы:  ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.


           Säule (қаз. — «сәуле», «жарық») — топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы — бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы.

Наурызнама онкүндік іс-шаралары бойынша 21-23 наурыз күндері «Ұлыстың рухы» - Наурыз мерекесіне шақырады!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейі Наурызнама онкүндік іс-шаралары бойынша

21-23 наурыз күндері  «Ұлыстың рухы» - Наурыз мерекесіне

шақырады!

 

Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы. Өткенге салауат айтып, келер жылдан «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!» деп береке тілеп, бата алған ұлтпыз.

          Ұрпақтар сабақтастығында, ұлттық рухты сақтау мақсатында музейдің жыл сайынғы жобасы бойынша «Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесі әр түрлі жастағы аудиторияға арналған мәдени іс-шаралар мен көркем-танымдық тақырыптық бағдарламалар кешенімен қамтылған.

Георгий Макаровтың «Парақтар» атты көрмесін ұсынады.

         Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Георгий Макаровтың «Парақтар» атты көрмесін ұсынады. Ретроспективті экспозиция 2000-шы жылдардың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін жасалған 100 – ден астам туындыларды қамтиды. Олардың арасында көрерменге таныс, жақсы көретін және мүлдем жаңа туындылар бар.

 

2024 жылғы 14 наурызда сағат 16.00-де вернисаж, 15.00-де Георгий Макаровпен бірге баспасөз туры өтеді.

 

 Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  өтетін Георгий Макаровтың көрмесі «Парақтар» деп аталады.  Көрме идеясын суретші былайша айқындайды: «Адам әлемге келгенде өмір бойы толтыратын таза парақтары бар «Өмір кітабын» алады. Біреулер оны оңай әрі еркін жазады, ал басқалары қайта жазып, түзетіп, жыртып, парақтарын желімдеп біріктіруге мәжбүр болады... Сонымен, суретші бүкіл шығармашылық жолында өз кітабын жасайды, жазады, өзі ойлап тапқан әлемнің – ғажайыптарға, тәжірибелерге, ойларға, бейнелерге толы әлемнің хикаяларын салады. Әр шығармашылық кезең, бұл кітаптың жаңа беті, әр сурет –суретші жасаған осы әлемге келген жаңа кейіпкер.

Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee  брендінен Säule Арт-инсталяциясы:  ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.


           Säule (қаз. — «сәуле», «жарық») — топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы — бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы. Truffle Bee өз топтамасына айрықша өрнектерді іздестіру барысында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған қазақтың дәстүрлі орнаменттерін зерттеген болатын.

БАСПАСӨЗГЕ МӘЛІМДЕМЕ «НЕЙРОҚАЗАҚСТАН» АЛМАТЫДА

     Алматының орталық көрме залы мен  Plan В галереясы алматылықтар мен қала қонақтарын «НейроҚазақстан-2024» жаңа көрме жобасы аясында ашылған Алматыдағы ең инновациялық өнер көрмесін тамашалауға шақырады. Көрменің экспозициясы Қазақстанның көзқарасын жасанды интеллект көзімен көрсететін 120-дан астам картинадан тұрады. Жоба қонақтары еліміздің табиғаты, сәулеті, тағамдары, нейрондық желілердің көмегімен жасалған материалдық мәдениет элементтері туралы балама шолуды көре алады.