2024 жылғы 16 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Наргис Рахманованың «evigilatio» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
«Еvigilatio» - суретші Наргис Рахманованың (Германия/Қазақстан) жұмыстарының көрмесі. Бұл көрме көрермендерге суретшінінің творчествосына 2016 жылғы музейдегі көрмесімен салыстырғанда тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Суретші ою-өрнек формалары мен құрылымдарының маңызын түрлі көз-қарас тұрғысынан қарастырып, БЕЛГІЛЕР мен ДЫБЫСТАРҒА ерекше орын бөліп, оны осы материалдық әлем өнімі рөлінен оны жасаушының рөліне ауыстырады.
Берлинде, Нью-Йорк пен Алматыда тұрып, жұмыс істейтін алматылық суретші үшін оның жаңа туындылары 2016 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік музейінде өткен «Мен көшпендімін» көрмесінде ұсынылған мультимедиялық инсталляциялармен байланысты, сондай-ақ Казарянның Өнер Орталығында, «Тәңір-Ұмай» галереясында музыкалық аспаптар музейінде қойылған «Көшпенділер үні» туындыларының алдыңғы сериясы және оның «Арт Самал» галереясындағы «Арабеск жолы» көрмесімен байланысты. Шындықты интуитивті қабылдаудан және оның тұжырымдамалық талдауынан басқа, Наргиз өзінің жаңа жұмыстарында математика мен музыка саласындағы заманауи зерттеулерді біріктіреді. Оның шығыс ою-өрнектерінің геометриялық құрылымдарының қайнар көзін және олардың терең мағынасын іздеуі дәстүрлі ою-өрнектер мен көшпенділердің ежелгі мәдениетінен шабыттанған өнер туындыларында жалғасуда.
Бұл көрмеде Наргиз өзінің «originem»-цифрлық жаңа туындыларының жаңа сериясын ұсына отырып, параллельдер жүргізіп, ежелгі ою-өрнектердің мағынасының тереңдігіне бойлап, паралелдер жүргізіп, өз аудиториясына олардың ұғымдарын қайта қарауды ұсына отырып, пәнаралық тәсілді қолданады. "Evigilatio" өз мазмұнын өнерді көрермендердің араласуысыз ашып, көрерменді жұмбақ құбылыстарға терең ендіріп, бүгінгі бар түсініктерге қайта қарауға жетелейді.
Көрме 2024 жылдың 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Көрме кураторы - Г.Жұбанова
«Қазақстанның бейнелеу өнері»
бөлімінің жетекшісі