Оқиғалар

Виктор Горбуновтың «Әдемі сәттердің шуақ шашуы» атты фотокөрмесі

2021 жылдың 10 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев  атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Виктор Горбуновтың «Әдемі сәттердің шуақ шашуы» атты фотокөрмесі ашылады.

«Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі

2021 жылы 5 қарашада сағат 15.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Қолөнершілер одағы және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады.

«МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» өкілдігінің қатысуымен 2021 жылы 4 қарашада сағат 13.00-де адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналған «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің бесінші мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Журналистерге арналған баспасөз конференциясы 4 қарашада сағат 11.00-де (музейдің мәжіліс залында), ал баспасөз туры сағат 12.00-де (көрме экспозициясында) өтеді. Көрмені 2021 ж. 14 қарашаға дейін тамашалауға болады.

Елена және Владимир Григоряндардың өз шәкірттерінің «Саз үндестігі» көрмесі

2021 ж. 22 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Елена және Владимир Григоряндардың авторлық қышының шеберханасы өз шәкірттерінің «Саз үндестігі» көрмесін ұсынады.

Ольга Киселеваның «Ағаш даналығын тыңдасақ…» жеке көрмесі

2021 ж. 4 қараша күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ольга Киселёваның (Франция) «Ағаш даналығын тыңдасақ…» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция өнер мен ғылым тоғысындағы фото-арт, видео-арт және қондырғыларды қамтиды.