Оқиғалар

ЖІБЕК ЖОЛЫ – ШЫҒЫС ЕРТЕГІСІ

2022 жылдың мамыр айының 20-22 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында «Жібек жолы» атты Үлкен Орта-Азиялық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батыс халықтарының тарихи қалыптасқан сауда жолы. Бәрімізге әйгілі Ұлы Жібек жолы халықтардың экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамыту жолында үлкен рөл атқарады.

Көңілді, түрлі-түсті шығыс базарына әр елдерден саудагерлер мен алушылар асыға келіп, Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қышын, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағада сату және сатып алу саудасын жүргізіп отырған.

Бұл көрме-жәрмеңкеге 40-ден астам қолөнер шеберлер: Қазақстанның әр аймағынан келген халық шеберлері мен Қырғызстан және Өзбекстан қолөнер шеберлері қатысады. Көрмеде сыйлыққа арналған заттар, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, сазды аспаптар, Шығыс миниатюрасы мен Риштан қыштары, киізден және жібек маталарынан жасалған бұйымдар, тоқыма және шамшырақтар, бойтұмарлар мен былғары бұйымдары қойылады.

Ұйымдастырушылардың алға қойған ең маңызды мақсаты Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарын қолөнер шеберлерінің бұйымдары арқылы Орта Азия халқының мәдениетімен таныстыру, насихаттау. Әр түрлі жанрда көрсеткен қолөнер шеберлерінің жұмыстарын қолдау және алға бастыру.

 

Жәрмеңкенің жұмыс орны: Орталық көрме залы (Желтоқсан к-сі, 137 үй, Жамбыл көшесінің қиылысы).

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 20-22 мамыр 2022 ж.

сағ: 9-00-ден 18-00-ге дейін.

Қосымша ақпараттар:

«Бахыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы» қоғамдық қоры.

Әбдікәрім Бахыт – +7 7 7023215466, инстарамм: artbakhyt,

Күнсулу +7 778 3164165, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.