Оқиғалар

2022 жылы 26 мамырда сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның дизайны. Проблемалар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның қазіргі экономикалық кеңістігіндегі дизайн түрлерінің бірі – графикалық дизайн саласын талқылау және проблемаларға талдау жасау жоспарлануда.

Дөңгелек үстел Галина мен Александр Сәдуақасовтардың «Шабыт шалқары» көрмесі аясында өтеді.

Спикерлер:

Валерий Яковлевич Васильев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Фаберж орденінің иегері, мұсылман әлемінің құрметті зергері.

Александр Қабдықәрімұлы Сәдуақасов – КСРО және Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Нұрдубаева Асия Русланқызы – сәулет ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті.

Дөңгелек үстел модераторы:

Сергей Петрович Алексеев – Қазақстан Дизайнерлер Одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Орналасқан жері: Ә. Қастеев атындағы МӨМ-нің 3-қабаттағы айналма галереясы

Дөңгелек үстел соңында «Шабыт шалқары» көрмесіне экскурсия өткізу жоспарлануда.

Дөңгелек үстел кураторы: Баженова Наталия

ҚР Ә. Қастеев ат. МӨМ-нің АҒҚ