13-15 мамыр аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Өнер сананы өзгертеді» көрмесі өтеді.
Көрменің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағ 16:00-де!
Көрме аясында «Өркендеу жолы» жобасы таныстырылады. Бұл атау кездейсоқ емес, бәрі де жолмен басталып, жолмен аяқталатыны дейді жобаның дем берушісі әрі қазақстандық белгілі суретші Армат Бектас.
Автор ретінде ол бейнелеу өнері арқылы қоғамның, мәдениеттің қарым-қатынасын және ұлттық идеяның қалыптасуын жаңаша түсіндіруімен танымал.
Көрмеге «Абстракция» және «Реализм» жанрларында 44 кескіндемелік жұмыстар қойылады. Олардың бәрі де өнер мамандары тарапынан жоғары бағаланды.
Көрмені ұйымдастырушы – «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Sal Seri» астаналық көркемсурет галереясы.
«Өнер сананы өзгертеді» көшпелі көрмесі Қазақстанның бес қаласында көрсетіледі. Суретшілер өз жұмыстарын Нұр-Сұлтанда, Семейдегі Невзоровтар отбасы музейінде қойған болатын. Келесі баратын жер Шымкенттегі Қазіргі заман өнер музейі болмақ. Көрмеге қатысушылар сондай-ақ, Өзбекстанда гранд-пленэр өткізеді.
14 мамыр күні сағат 12:00-де Армат Бектас кескіндеме бойынша шеберлік сағатын өткізеді. Өздеріңізбен бірге – этюдник, бояу, май және қылқалам болу керек. Шеберлік сағаты тегін өткізіледі.