Оқиғалар

Кеңес Одағының батыры Т. Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған Жеңістің жұлдызды сағаты атты көрме

2022 жылы 6 мамырда, сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ұлы Жеңіс күні мен Кеңес Одағының батыры, Барыс орденінің иегері Т. Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрме ашылады.

Көрмеде, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің қорынан алынған, кеңестік және қазақстандық суретшілер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер суретшілердің туындыларынан тұратын 60-тан астам кескіндемелік, графикалық, мүсіндік туындылар ұсынылады.

Көрменің ашылу күнінде ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы қаласындағы филиалы – әскери-тарихи музейінің коллекциясындағы фотоқұжаттар, хаттар, сарбаздардың жеке заттары мен Талғат Бигелдиновтің әскери кителі көрсетіледі.

Экспозицияда Б.Урманче, Н.Нұрмұхаммедов, Т.Ә.Әбуовтің жазған Талғат Бигелдиновтің үш портреті қойылды. Сонымен қатар, Т.С. Гадеева «Ә. Молдагұлованың портреті» (1965), Ә.Қастеев «М. Мәметова», Т. Әбуов «Ә. Молдағұлованың портреті» (1982), Ю.П. Мингазитдиновтің «М. Мәметова» триптихы (1962), Н. Нұрмұхаммедовтің «Жеңіс» (1966), Н. А. Наседкин «Панфиловшылар ұрыс алаңында» (1960), Л.П. Леонтьев «Кеңес Одағының Батыры Г. Шемякиннің портреті» (1948), В.А. Киреев «Екі жауынгер» (1984), А.П. Дроздов «Соғысты еске алу» (1975), Н.С. Гаев «Отты жылдар» (1975), Қ.Т. Телжанов «Жеңіс» (1975), А. Молдабеков «1945 жылдың көктемі» (1969-1970), Х. Наурызбаев «Кеңес Одағының Батыры М. Байысовтың портреті» (1979), Е.А. Сергебаев «1941 жыл» (1974), В. Ю. Рахманов «Ә. Молдағұлованы еске алу» (1978), Е.Т. Мергенов «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық суретшілерге арналады. Алма-Апа» (1978-1988) т.б. туындылары ұсынылады.

Сонымен қатар, көрмеде кеңестік бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары қойылған: Р. Кунц, Э. Урбанавичюс - Литва, О. Таңсықбаев - Өзбекстан, Б. Неменский, Г. Нисский, А. Самохвалов - Ресей, Л. Дударенко - Белоруссия, Ю. Меквабишвили - Грузия және т.б.

Бұл жұмыстардың негізінде - өмірдің мәнін бағалайтын дүниетаным, қоршаған әлемнің шексіз сан-алуан сұлулығын көре білу мүмкіндігі жатыр. Қазақстан суретшілерінің, Ұлы Отан соғысының ардагер-суретшілерінің майдан мен тылға арналған туындылары тұтастай алғанда жауынгерлерге арналған өзгеше ескерткіш және көзі тірі жандарға жер бетіндегі бейбітшілік пен өмірді сақтауға шақырған үндеу болып табылады.

Экспозицияны мамыр айының 29-на дейін тамашалуға болады.

Көрме жетекшісі – Лаура Әбілдаева, Виолетта Вологодская

------1948
----1946-
---1945
----1926