Оқиғалар

Сұлулықтың бастауы" атты Ботагөз Нұрпейісованың жеке мерейтойлық көрмесі

2022 ж. 27 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Сұлулықтың бастауы" атты Ботагөз Нұрпейісованың жеке мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық және мәдени қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеуге арналады.

Ботагөз Слямғалиқызы Нұрпейісова – КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 ж. Халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Алматыда Н. В. Гоголь ат. көркемсурет училищесін, Мәскеуде В.И. Суриков ат. мемлекеттік көркем академиялық институтын бітірген. 30 жылдан астам Алматыдағы О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде жұмыс істеп, жүздеген қазақстандық жас суретшілерді тәрбиелеп шығарды. Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Песчаное ауылында дүниеге келген.

Экспозицияда автордың 80-нен астам көркем және графикалық жұмыстары ұсынылған. Отанға арналған сюжеттер ерекше шынайылық пен жылулыққа толы. Ботагөздің балалық шағы Павлодар облысы, Набережный ауылындағы Ертіс өзенінің жағасындағы көркем жерде өтті. Сюжеттер еңбекқор ауыл тұрғындарының өмірі туралы баяндайды. Әке мен ананың портреттері ерекше махаббат пен ризашылық сезімімен боялған. Шығармаларында батылдыққа толы, жарқын болашаққа ұмтылған бақытты балалық шақ туралы ностальгиялық ноталар естіледі.

Көрме 29 сәуірде атап өтілетін Халықаралық би күні қарсаңында ашылады. Экспозицияда ұсынылған туындылардың ішінен Қазақстандағы "Бхаратанатьям" алғашқы және жалғыз Үнді классикалық биінің кәсіби орындаушысы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері – Ақмарал Қайназарованың шығармашылығына арналғанын көреміз. Ақмарал Қайназарова мен Ботагөз Нұрпейісова өз шығармашылығында қазақ және үнді мәдениеттерінің дәстүрлерін үйлестіріп, жалпыадамзаттық құндылықтар саласындағы біріктіруші қағидат рөлін атқарды.

Ботагөз Нұрпейісованың туындылары автордың үлкен талантын, терең философиялық дүниетанымын айғақтайды, мұны Үнді тақырыбына арналған жұмыстар сериясынан анық байқауға болады. Үндістан Ботагөздің жүрегіне бала кезінде, әйгілі "Огонек" журналының беттерінде көрнекті суретші, философ және саяхатшы Николай Рерихтің суретін көрген кезде орын алды.Содан кейін суретші болу арманы орындалды. Ондаған жылдар өткен соң, Н.К. Рерихтің құрметі мен ризашылығы ретінде, осы көрмеде ұсынылған таулардың қайталанбас шебердің портреті пайда болды.

Үндістанның қасиетті жерлеріне саяхат 2011 жылы солтүстікте, алып Гималай тау бөктерінде шығармашылық тұрғыдан жемісті болды. Куллу алқабында, Наггарда (Химачал Прадеш штаты) Ботагөз өмірден алынған этюдтер жазды. Дәл осы жерде атақты Орталық Азия экспедициясынан кейін Н. К.Рерих және оның отбасы "Урусвати" – Гималай зерттеулер институтын құрды. 2019 жылы Үндістанның солтүстік шығысындағы штатына – Сиккимге сапар болды. 2020 жылы суретші осы сапардан алған әсерлеріне сәйкес көптеген жаңа графикалық және көркем туындылар жасады.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың құпиясын ашатын "Көпірде" картинасы өзінің философиялық мазмұнымен таңқаларлықтай. Оған "Майтрея" картинасы үйлесім берген, онда әйелдің Құдайға сиынуы бейнеленген. "Майтрея" – адамзаттың ұлы ұстазы, жаңа ілім беретін, Будда ілімінің өкілі".

Ботагөз кескіндемелері жарқын, қанық түстермен, жанды, темпераментті жазумен, жеңіл фактуралық пысықтаумен, айқын қарама-қайшылықтармен, тұтастық пен монументалдылықпен сипатталады.

Көрме 2022 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10-00-18-00. Демалыс күні: дүйсенбі.

Көрме кураторы - Баженова Наталия Ә.Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің АҒҚ

d5d5b28d-880b-47f4-ac2a-39e625f0c394
d570d75a-7a61-4302-89e9-8a0fd359000e
0f831eda-9ac0-468f-92ff-f41df6007fc5
75d0c1f5-e6d6-45cb-81f4-c77c717ce6a5
3
4
5
6