Оқиғалар

«Қазақстан өнеріндегі есімдер» көрмесі

2021 жылы 17 тамызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қалалық «Самоцветы» клубының құрылғанына елу жыл толуына арналған «Қазақстан өнеріндегі есімдер» атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады.

Герман Титовтың "Саяхатқа шақыру" атты жеке көрмесі

2021 жылдың 10 тамызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Герман Титовтың "Саяхатқа шақыру" атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің 40-қа жуық кескіндеме туындылары қойылған.

Александра Кимнің «Таң сәрі» атты жеке көрмесі

2021 жылдың 6 тамызынан бастап Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында суретші Александра Кимнің «Таң сәрі» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 2020-2021 жылдардағы графика және акварель техникасында орындалған жұмыстары қойылады.

«Көз тартар шынайы әлем» көрмесі

2021 жылдың  7 шілде күні сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Елена Сергеевна Бейсембинованың мерейтойлық датасына арналған «Көз тартар шынайы әлем» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

«Шабыттандырған қалам» көрмесі

2021 жылдың 22 маусым күні, сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық мүсінші Павел Шороховтың мерейтойлық ретроспективті көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. «Шабыттандырған қалам» көрмесі автордың 75-жылдығына арналған. Көрмеге суретші Дмитрий Шорохов та қатысады. Журналистерге арналған баспасөз туры 22 маусымда сағат 15:00-де өтеді