Оқиғалар

Наргис Рахманованың «evigilatio» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 16 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Наргис Рахманованың «evigilatio» атты жеке  көрмесінің ашылуы өтеді.

 

   «Еvigilatio» - суретші Наргис Рахманованың (Германия/Қазақстан) жұмыстарының көрмесі. Бұл көрме көрермендерге суретшінінің творчествосына 2016 жылғы музейдегі көрмесімен салыстырғанда тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

    Суретші  ою-өрнек формалары мен құрылымдарының маңызын түрлі көз-қарас тұрғысынан қарастырып, БЕЛГІЛЕР мен ДЫБЫСТАРҒА ерекше орын бөліп, оны осы материалдық әлем өнімі рөлінен оны жасаушының рөліне ауыстырады.

Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) алматылық суретші Какоткина Светланананың «Жазғы қиял» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция суретші шығармашылығындағы 90-ға жуық картиналарды көрермен назарына ұсынады.

2024 жылдың 7 тамызында сағат 16:00-де  Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) алматылық суретші Какоткина Светланананың «Жазғы қиял» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция суретші шығармашылығындағы 90-ға жуық картиналарды көрермен назарына ұсынады.

 Какоткина Светлана 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бастапқы өнер білімін «Классикалық өнер гимназиясынан» қалыптастырып, 2002 жылы Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясын «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдайды. Академия қабырғасынан бастап-ақ суретші өзін жан-жақты көрсетіп, түрлі байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысып отырады. Өмірлік жолында Светлана көркемсурет мектебінде мұғалім, жарнама агенттіктері мен журналдарда дизайнер, үйлестіруші болып жұмыс жасайды.

Әйгілі қытай суретшісі Цао Чжэнчунь және заманауи суретші Таңбол Тұрсынғалидің туындыларынан тұратын «Жібек Жолы сапары» атты көрмесі ашылады.

2024 жылдың 3 тамыз сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі қытай суретшісі Цао Чжэнчунь және заманауи суретші Таңбол Тұрсынғалидің туындыларынан тұратын «Жібек Жолы сапары» атты көрмесі ашылады.

Ежелгі Жібек Жолында Қытай мен Қазақстан тарихтың даңқы мен мәдениеттің тоғысқан жерінің куәсі болды. Бүгінгі таңда «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен екі ел арасындағы мәдени алмасулар қарқынды жүруде. Цзянсу провинциясы ұлттық бірлік пен прогрессті насихаттау қауымдастығы «Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитетінің» ұйымдастыруымен өтетін «Жібек Жолы сапары» атты көрме осы бастаманың арқасында жүзеге асырылады. Көрмеде қытай суретшісі Цао Чжэнчуньнің 42 кескіндемесі, сондай-ақ Таңбол Тұрсынғалидың соңғы жылдардағы 10 майлы бояу туындысы қойылған.

Қазақстандық атақты ұйғыр суретшісінің 70 жылдық мерейтойына арналған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахмет Ахаттың «Жүрегімдегі естелік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 2 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық атақты ұйғыр суретшісінің 70 жылдық мерейтойына арналған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахмет Ахаттың «Жүрегімдегі естелік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Ахмет Ахат 1954 жылы ҚХР-дың Құлжа қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының көркемдік-графикалық факультетін бітірген. 1988 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 1990 жылы ҚР Ғылым академиясының Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. «Азия Арт» (Ташкент, 1995) халықаралық көрмесінде Алтын медальға ие болды. 2004 жылдан бері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ильхам» сыйлығының лауреаты. 2020 жылдан бастап ҚР Сурет академиясының академигі.

«Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылады. Экспозиция музей қорынан Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысын ұсынады.

2024 жылғы 12 шілдесінен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылады. Экспозиция музей қорынан Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысын ұсынады.

Көрме еліміздің бай мәдени мұрасымен танысуға бірегей мүмкіндік береді және қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныстырады. Оған музей қорындағы сирек экспонаттар кіреді, көпшілігі алғаш рет қойылып отыр. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.