«Түркі қағанаты» деп аталатын топтамаға кіретін «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» шығармалары туралы мәлімет.
Өнерде жаңа бағыт ашқан Құттыбек Жақып – жүнді пайдаланып, бедерлі туындыларын жасап - 17.06.2022 жылғы № 7205 патентін алды. Оның жұмысы қазіргі заманғы өнерді жасау үшін дәстүрлі материалдарды қалай пайдалануға болатынының тамаша үлгісі болып табылады. Суретшінің жұмысы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосылған маңызды үлес болып табылады.
Суретші қиялының арқасында тері көбінесе фольклорлық тақырыптармен байланыстырылатын ерекше авторлық туындыларға айналады. Автор олардың үйлесімді синтезін құра отырып, түбегейлі ерекше көріністер мен бейнелердің комбинацияларын табады. Олар монохромды түстерге бейім ұстамды палитрамен ерекшеленеді. Артығын қырқып, табиғи жүннің құрылымы мен түсін пайдалана отырып, автор ғажайып нанымды бейнелерге қол жеткізеді.
Құттыбек Жақып шығармашылығындағы басым бағыт-көшпенділердің ежелгі мифологиясына негізделген, өмірді оның тұтастығы мен алуан түрлілігімен бейнелейтін сюжеттер, мұнда мифологиялық бейнелер нақты кейіпкерлермен тоғысады. Көбінесе ол қазақ халқының қаһармандық өткеніне жүгінеді. Шебер шығармашылығының маңызды қырларының бірі – халықтың мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрін өнер арқылы жеткізу. Оның жұмыстары сәндік-қолданбалы өнердің заманауи туындыларын жасау үшін дәстүрлі материалдарды қалай пайдалануға болатынының тамаша үлгісі болып табылады. Құттыбек Жақып шығармашылығы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.
2019 жылы суретші «Түрік қағанаты» шығармалар топтамасын жасады. Оған «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» атты үш шығарма кірді.
«Отбасы» туындысы ежелгі дәуірден бастау алатын қуатты тұғырлардың символы ретінде ежелгі түркі отбасының тұтас және толық бейнесін бейнелейді. Композицияның ортасы шеңбер болып табылады, оған үш ірі мүсін - ер және екі әйел мүсін орналасқан. Шеңбердің түбінде аңызға сәйкес түріктердің ата-бабасы болып саналатын қасқырдың контурлық бейнесі орналасқан. Басқа кейіпкерлердің бәрінің көлемі кішірек, олардың ішінде аспанға ақ жамылғы шашқан әйелдер, қаруы бар салт аттылар, аң аулау көріністер, тотем жануарлары мен құстар бар. Олардың барлығы басты бейнелері бар композицияның орталық бөлігін қоршап, толықтырып отырғандай. Панноға суретші асыл түсті жүн қолданады. Ол бейнеленетін нысандардың пішіндерін бөле отырып, қоңыр түсті контурды шебер қолданады. Декор ретінде автор былғары жіптерден тоқылған өрімдерді және сәндік тігісті пайдаланады.
«Табыну» шығармасында Қазақстан петроглифтерімен қатар қазақ халқының қаһармандық тарихы тақырыбы басты орын алады. Композицияның бір кеңістігінде біз бүкіл әлемді көреміз - адамдар, жануарлар, жоғары күштер болып табылатын бейнелер. Бұл паннодағы шұғыла шашқан құдай орталық орынды алып, композицияның идеялық шыңы ретінде әрекет етеді. Ол болмыстың барлық бағыттарына рақым тарататын өзінің нұрлылығының ұлылығымен құшағын кең жайып тұрған қалпында бейнеленген. дұға жасаған адамдар Назарларын көкке бұрған дұға жасаған адамдар. Панно қара және ақ дақтардың контрастымен ерекшеленеді, олардың әрқайсысында жануардың, құстың бейнесін, жыртқыштың ашылып тұрған ауызын немесе дәрменсіз құрбанның денесін ажыратуға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл - жан-жақтылығымен және табиғилығымен ерекшеленетін өмір.
«Алтын адамның сарбаздары» деп аталатын жүнмен әрленген кескіндеме бізді көптеген ғасырлар бұрын болған уақытқа қайтарады. Композицияның ортасында екі бас қолбасшының жекпе-жегі суреттелген. Оларды қоршап тұрған жауынгерлер. Төменгі жақта «Алтын адамның» жалпылама контурлық бейнесі бар, оның басына диадемамен тәж салынған. Композицияның жоғарғы жиегін бойлай бастары бір-біріне бағытталған екі қыран бейнесімен тұйықталған. Суретші кейіпкерлердің пішініне ерекше мән беретін контрасты бейін әдісін қолданады. Суреттегі адамдар, садақ, ат, жебе, жалау, жыртқыш аң, құс - бәрі де өзінің тарихи қалпында өмір сүріп тербеледі. Шығарма жазықтық пен монументалдылықпен сипатталады. Ою-өрнек мотивтерінің елеусіз қосылуы туындының ұлттық бояуын ерекше көрсетеді.
Шығармалар автордың стилизациясы, бедерлігі және ұстамды, монохромды бояуға жақын палитрасымен ерекшеленеді. Табиғи жүннің түсі мен құрылымын пайдалана отырып, автор ғажайып сенімді бейнелерге қол жеткізеді. Суретшінің қиялы материалдан болашақ композицияның алғы шарттарын таба отырып өрбиді.
Баженова Н.А., өнертанушы,
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі «Қазақстан қолданбалы өнері» бөлімінің жетекшісі.
Қазақстан Республикасы мәдениеті саласының үздігі.