2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.
Жыл сайын 26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді, осылайша оның әлемнің барлық елдерінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындағы рөлін көрсетеді. Мереке 2000 жылдан бері аталып келеді, ал 26 сәуір 1970 жылы ДЗМҰ Конвенциясы күшіне енген күн.