Оқиғалар

«Н.К. Рерих. Жол басы» атты уретшінің 150 жылдығына арналған көркем және иллюстрациялық – кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

            10 сәуір күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Н.К. Рерих. Жол басы» атты уретшінің 150 жылдығына арналған көркем және иллюстрациялық – кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

         Сағат 14:30-да дөңгелек үстел «Н.К. Рерих. Мәдениет арқылы бейбіт әлем». Музей фойесінде келушілер аттас стендтік көрмеде шебердің өмірі мен қызметінің кезеңдерімен таныса алады.

       «Орыс өнері залы» экспозициясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинағынан әлемге әйгілі суретші Николай Рерихтің төрт туындысы ұсынылады. Бұл Санкт-Петербургтің алғашқы кезеңіндегі «Половец лагері» (1914), «Қаһарлылар» (1901), «Мехески-ай халқы» және «Алып Кримгерд» атты еңбектері. Картиналар халықаралық көрмелерде – Санкт-Петербургте және Қазақстан Астанасында қойылған. Музей қорында Николай Рерихтің туындыларының болуы алматылықтар үшін үлкен мәртебе.

Рерих Николай Константинович (9.10.1874 – 13.12.1947) – суретші, ғалым, саяхатшы, жазушы, қоғам және мәдени қайраткері, ойшыл. 7000-нан астам картиналар жасаған. Бірқатар соборлардағы, шіркеулердегі (кескіндеме, мозайка) монументалды-декоративті жұмыстардың авторы, 20-дан астам театр қойылымдарына арналған декорациялар мен костюмдердің эскиздерінің авторы, оның ішінде С.Дягилевпен бірлесе отырып  «Орыс маусымдарында». Орталық Азияға ғылыми-зерттеу және көркемдік экспедицияларды басқарды. 1926 жылы Орталық Азия экспедициясы аясында Қазақстан аумағына барды. Нью-Йоркте бірнеше мәдени орталықтар, Үндістанда – «Урусвати» ғылыми-зерттеу институтын құрды. Ол ХХ ғасырдың 30-жылдарында мәдениетті қорғаудағы халықаралық қоғамдық қозғалысты басқарды. Тарихта Рерих пактісі деген атпен қалған мәдени құндылықтарды қорғау пактінің бастамашысы. ХХ ғасырдың көрнекті мәдениет қайраткері.

       Николай Рерих қазіргі кезде де көптеген мәдени бастамалардың бастауында болды. Олардың ішінде мәдениеттің халықтар өміріндегі рөлі, мәдени нысандарды уақыттың маңызды және қажетті байланысы ретінде қорғау туралы халықаралық қозғалыс. Бұл қозғалыстың нышаны Бейбітшілік туы болды, оның тарихы көне дәуірден басталады. Ол Азияның жұмбақ жартас суреттерінде, ғибадатханалардың суреттерінде, ескі шеберлердің картиналарында, елтаңбалар мен эмблемаларда кездеседі. Барлық жерде оған ерекше қауіпсіздік мәні берілді. Рерих пактісі мәдениетті қорғаудың заманауи халықаралық жүйесінің негізін қалады. 15 Сәуірде, 1935 жылы Пактіге қол қойылған күні Пан-Америкалық одақ елдері әлемде Халықаралық мәдениет күнін атап өтеді.

            Н.К. Рерихтің 150 жылдығына арналған іс-шаралар Мәскеудегі Халықаралық Рерихтер орталығының және Алматыдағы Н.К. Рерих атындағы Мәдениет орталығының қолдауымен жүзеге асырылады.

 

Көрме 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Жұмыс уақыты: 10:00-18:00. Демалыс: дүйсенбі және айдың соңғы күні.

 

Куратор: Баженова Н.А. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Қазақстанның қолданбалы өнер» бөлімінің жетекшісі.