Оқиғалар

Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

          2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

Жыл сайын 26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді, осылайша оның әлемнің барлық елдерінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындағы рөлін көрсетеді. Мереке 2000 жылдан бері аталып келеді, ал 26 сәуір 1970 жылы ДЗМҰ Конвенциясы күшіне енген күн.

2024 жылдың 19 сәуірі Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты ұжымдық көрме өтеді. . Іс-шара Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің  қолдауымен Әділет министрлігі Қазақстан Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастыруда.

Бұл халықаралық күн бүкіл жаһандық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге және зияткерлік меншіктің (IP) әлем өнерінің өркендеуіне қалай үлес қоса алатыны туралы  қоғамның ой елегінен өткізудің бірегей мүмкіндігі болып табылады, ол адамдардың әл-ауқатының өсуін ынталандыратын технологиялық прогреске жағдай жасайды. Аталмыш көрме сонымен қатар креативті индустрияларды, атап айтқанда патенттерді, сауда белгілерін және авторлық құқықтарды ілгерілетудегі интеллектуалдық меншік құқықтарының рөлін көрсету болып табылады.

Көрмеге шығармашылық аренада белсенді жұмыс істейтін 37 танымал қазақстандық суретшінің 40-тан астам жұмыстары қойылады. Әрбір танымал автордың бірегей жұмыстары суретшілер мен авторлардың күш-жігерін мойындау және марапаттау, сонымен қатар барша қоғамның игілігі үшін жасампаз идустрияның шығармашылығының нәтижелерін пайдалану мақсатында  зияткерлік меншіктің маңыздылығын көрсетеді. Зияткерлік меншік құқығы зерттеушілерге, өнертапқыштарға, кәсіпкерлерге, дизайнерлерге, шығармашылық кәсіп өкілдеріне және басқа да көптеген адамдарға өздерінің зияткерлік жұмыстарының нәтижелерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге және олардан экономикалық табыс алуға мүмкіндік береді. 

Бұл көрме экспозициясы көрерменді Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, кәсіби өнер – кескіндеме, графика және мүсін саласында жұмыс істейтін: кескіндемеші К.Хайруллин, кескіндемеші суретші Ө. Жұбаниязов, график, акварель суретшісі А .Хайрулина, график кескіндемеші О. Есенбаев, зергер мүсінші Е. Даубаев, мүсінші М. Өскенбайдың және басқа белгілі қазақстандық суретшілер шығармашылығымен таныстырады.

Бұл көрме экспозициясы көрерменді Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, кәсіби өнер – кескіндеме, графика және мүсін саласында жұмыс істейтін: кескіндемеші К.Хайруллин, кескіндемеші суретші Ө. Жұбаниязов, график, акварель суретшісі А .Хайрулина, график кескіндемеші О. Есенбаев, зергер мүсінші Е. Даубаев, мүсінші М. Өскенбайдың және басқа белгілі қазақстандық суретшілер шығармашылығымен таныстырады.

Көрме 2024 жылдың 29 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі - Хайдарова Айгүл.

7179a59a-d0c0-40ae-a8de-c4b19ad88e12
653b66ff-baac-48f4-9f7b-6612343d3f13
25765609-4b86-4076-b703-43baff5246e4
63072d01-8805-4422-acc9-af729b0d580a
a3b4fd6f-6f73-4497-bb7e-797163c12e92
77f3fac2-ab60-4a75-aca2-9d242ae12244