Оқиғалар

қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі

2023 жылғы мамырдың 18-і күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

           жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты     

                  көрмесін ұсынады. Көрме 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

Жыл сайынғы Музей түні «Салауатты Өмір Сүру Өнері»

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі. Жыл сайынғы Музей түні акциясы-2023 Халықаралық музей күні аясында 2023 жылғы 18 мамыр, 14:00-24:00 «САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ»

Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі

2023 жылғы 10 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі өтеді.

Сәулетай Алшынбаевтың «Шексіз сұлулық» атты жеке мерейтойлық көрмесі

2023 жылдың 21 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Сәулетай Алшынбаевтың «Шексіз сұлулық» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады. Экспозицияда  автордың 50-ге жуық мүсіндік және графикалық туындылары ұсынылады.

Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесі

2023 жылдың 18 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесінің ашылуы өтеді. Содай-ақ, сағат 14:00-де суретші «Құрғақ ине» нақыштау техникасы бойынша шеберлік сабақ жүргізеді.