Оқиғалар

Салтанат Тәшімованың «Ұмай түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2023 жылы 10 қазанда сағат 16.00-де Ә.Қастеев  атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Салтанат Тәшімованың «Ұмай түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда 30-дан астам кескіндемелік туындылар ұсынылады.

          Салтанат Ташимова Қазақстанның танымал заманауи суретшісі, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау қозғалысының белсенді қайраткері. Ол өзінің шығармашылық мансабын 1990 жылдары Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітіргеннен кейін бастаған. 1991 жылдан бастап көрмелерге қатысады. Оның туындылары Қазақстан, АҚШ, Германия, Ресей және Жаңа Зеландияның жеке коллекцияларында сақталған. Салтанат модель және актриса ретінде де көпшілікке танымал. Рухани тәжірибеде оған ең жақыны «Тәңіршілдік» идеялары. Көрмеге портреттер, натюрморттар, қалалық көріністер және суретшінің жартылай абстрактілі кескіндеме стилінде орындалған басқа да тақырыптар кіреді. Ол өз шығармаларында табиғаттың терең құпияларын баяндайды, ойлар мен сезімдердің кең спектрін жеткізетін күрделі түс композицияларын жасайды. Салтанаттың «Дәруіш биі», «Сазсырнай үні», «Азия иірімдері» атты еңбектерінде дала  сарындарын сиқырлы бояу түстерімен нәзік үндестірген. Қоршаған ортамен тығыз бірлікте өмір сүрген ата-бабаларымыздың дүниетанымының қайнар көзі табиғатпен байланыста қалыптасқандығы белгілі. Табиғатты жаратушыны «Тәңірі» деп танып, табиғат оның тамаша тундысы деп түсінген. Табиғатты аялау арқылы оған үлкен құрмет көрсеткен. Сондықтан да, табиғатқа байланысты қалыптасқан үрдістердің бүгінгі күнге дейін сақталып, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізде көрініс тауып жататындығы заңды құбылыс.

Салтанат Тәшімованы суретші ретіндегі өмірдегі философиялық өнегелілік пен қоршаған орта терең толғандырады. Осы тақырып суретшінің «Рухтың самалы», «Әлемнің тоғысуы», «Айдың қарсы беті», «Әлемдердің тууылуы» атты еңбектерінде тек қана күшті мен әлсіздің ғана емес, жан мен тәннің де таңдау бостандығы жолындағы күресі суреттеледі. Олар анық бейнеленбеген-сызықтардан құралған, алуан түстердің астасуымен суреттеледі. Полотнолардағы  пішіннің маңыздылығын айтарлықтай жоққа шығара отырып, ол визуализациядан босатып, түстік жазықтықтарға бет бұрады. Өздігінен жылдам ойлау түйсіктегі үнді кенепке сиқырлы бояулармен құбылтып жазу С.Тәшімоваға тән.  Оның басты идеясы тиым салудан адалдығы, шығармашылық мүмкіндігін толық ашу, танып білудің жаңа формалары мен таным категорияларын іздеу. Негізгі тіршіліктің қайнар көзі дүние әлеміне, ежелгі бейнелеуге, адам табиғатының өзгермейтін, тұрақты да әрқилы бастауына көтерілетін мифологиялық бағыттар орын алған. С.Тәшімованың  ой-тұңғиығынан шыққан жарқында  жылы, шаттыққа толы көркем әлемі суреткер мен көрермен арасын үйлестіре алушылығымен қызықтырады. Суретшінің тосын пішіндері мен тың бояулармен байланысқан композициялары, табиғат жаратылысының үйлесімділігі мен әсемдігін айқындап,  қазіргі  заманның мұң- қайғысына  қарсы тұрады.

 

 

Көрмеге қош келдіңіздер!

Көрме 2023 жылдың 24-ші қазанына дейін жалғасады

Жұмыс уақыты: сағат 10-00 - 18-00. Демалыс күні: дүйсенбі және айдың соңғы күні.

Көрме жетекшісі: Жубанова Г. А.

Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімінің ғылыми қызметкері.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   р.т. 3945701 (152).

WhatsApp-Image-2023-10-08-at-123424-1
WhatsApp-Image-2023-10-08-at-123423
WhatsApp-Image-2023-10-08-at-123424
WhatsApp-Image-2023-10-08-at-123423-1
WhatsApp-Image-2023-10-08-at-123425