2024 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде суретшінің 70-тен астам көркем және мүсіндік туындылары ұсынылады.
Қазақстандық суретші Темір Бегімбеттің бейнелер әлемі екі мән – зат пен оның символының тоғысқан шекарасында туады. Ол жасаған әрбір жұмыс өзінің пайдалылығымен бірге терең символдық мағынаны қамтиды. Суретші біздің өміріміздегі барлық нәрсе ақылға қонымды және үйлесімді реттелгеніне сенімді.