Оқиғалар

Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» көрмесі

2020 жылдың 20 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Ваня кішкентай кезінен бастап сурет салуды қатты қалайтын. Мектеп пен үйге барар жолда ол келер күннің барлық сұлулығын, оның бояулары мен реңктерін тамашалады. Баланың бойындағы шығармашылық қабілеті оған әлемнің әрбір бөлшегі мен әсемдігін байқауға мүмкіндік берді. Күзгі Алтай орманы қып-қызыл болып жалындап тұрды, қысқы қар жарқыраған жамылғы сияқты жатты, көктем бояулардың аса буырқануымен оянды. Осының барлығын қағазға түсірсе шіркін!

Cуретші Ғалым Оспановтың «Эйкос +» атты жеке шығармашылық көрмесі

Бүгін, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде алматылық суретші Ғалым Оспановтың жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

«Эйкос +» шығармашылық көрмесі соңғы екі жылдағы туындаларына арналған. Эйкос сөзінің мағынасы экология ұғымының ежелгі гректік баламасы (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім). Көрмеге 30-дан аса кескіндемелік натюрморт жанрындағы жұмыстар қойылды. Туындылар әлемдегі және еліміздегі өзекті жағдайларға бағытталған. Олар экология, пандемия және т.б мәселелер.

«Эйкос +» көрмесін дүйсенбіден басқа күндері сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін келіп көре аласыздар.

Евгений Сидоркиннің (1930-1952) туғанына 90 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» көрмесі

}Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2020 жылдың 9 қазанынынан Қазақ КСР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1952) туғанына 90 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» атты жеке көрмесінің ашылуын қуанышпен хабарлайды. Суретшінің мерейтойына орай, профессор Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызының авторлығымен Евгений Сидоркиннің монографиясының екінші басылымы да жарық көрді. Барлық өнер сүйер қауымын бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің қорынан шыққан экспозициядағы ерекше туындылармен танысуға шақырамыз. Қазақ КСР халық суретшісінің шығармашылығы туралы үш тілде жазылған кітабын біздің кәдесыйлар дүкенінен алуға болады.

Коллекциядан «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесі

2020 жылдың 10 қазан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында жеке коллекциядан «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

«Сенің қалаңның көшелері» көрмесі

2020 ж. 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күніне арналған «c өтеді.

Экспозицияға 70-тен астам кескіндемелік туындылар қойылды.