Оқиғалар

Жыл сайынғы Музей түні «Салауатты Өмір Сүру Өнері»

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі. Жыл сайынғы Музей түні акциясы-2023 Халықаралық музей күні аясында 2023 жылғы 18 мамыр, 14:00-24:00 «САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ»

Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі

2023 жылғы 10 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі өтеді.

Сәулетай Алшынбаевтың «Шексіз сұлулық» атты жеке мерейтойлық көрмесі

2023 жылдың 21 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Сәулетай Алшынбаевтың «Шексіз сұлулық» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады. Экспозицияда  автордың 50-ге жуық мүсіндік және графикалық туындылары ұсынылады.

Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесі

2023 жылдың 18 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесінің ашылуы өтеді. Содай-ақ, сағат 14:00-де суретші «Құрғақ ине» нақыштау техникасы бойынша шеберлік сабақ жүргізеді.

Әсем Әлем өнер академиясы аясындағы көктемдік дәрістер бағдарламасы ұсынылады

2023 жылдың 15 сәуірінен бастап, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Әсем Әлем өнер академиясы аясындағы көктемдік дәрістер бағдарламасы ұсынылады.