Оқиғалар

Коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)» атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

2024 жылдың 16 сәуірі сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре  Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)»  атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

Төре Азат Әкімбек – әлемге әйгілі коллекция жиюшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1972 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Түркістан, Қашқар, Хотан, Турфан, Кучар, Ақсу және басқа да қалалардың шеберлері жасаған ұйғыр халық-қолданбалы өнерінің бірегей жинағын жинай алды.  Қазақстан аумағында, сонымен қатар шетелде 74 көрме ұйымдастырып өткізді.

Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

     2024 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде суретшінің 70-тен астам көркем және мүсіндік туындылары ұсынылады.

          Қазақстандық суретші Темір Бегімбеттің бейнелер әлемі екі мән – зат пен оның символының тоғысқан шекарасында туады. Ол жасаған әрбір жұмыс өзінің пайдалылығымен бірге терең символдық мағынаны қамтиды. Суретші біздің өміріміздегі барлық нәрсе ақылға қонымды және үйлесімді реттелгеніне сенімді.

Суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады.

2024 жылдың 4 сәуірі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған  «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады. Көрмеге 1970 жылдардың соңынан қазіргі уақытқа дейін жасалған  50-ден астам картиналар – портреттер мен пейзаждар ұсынылады.

 

Владимир Киреев – өнердегі академиялық дәстүрді ұстану арқылы шығармашылық дүниетанымы айқындалатын тамаша көркемдік білімі бар суретшілердің бірі. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде суретші алған реалистік кескіндеме негіздері (1966 жылы бітірген), Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясында оқу кезеңінде жетілдірілген (1973 жылы бітірген). Өзінің кәсіби мансабында суретшінің басты мақсаты шығармашылық стиль және көркемдік әдіс ретінде реализмге назар аудару болды. Суретшінің камералық және монументалды жұмыстары белгілі, олардың көпшілігі республиканың жетекші өнер музейінің қорына енгізілген.

«Н.К. Рерих. Жол басы» атты уретшінің 150 жылдығына арналған көркем және иллюстрациялық – кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

            10 сәуір күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Н.К. Рерих. Жол басы» атты уретшінің 150 жылдығына арналған көркем және иллюстрациялық – кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

         Сағат 14:30-да дөңгелек үстел «Н.К. Рерих. Мәдениет арқылы бейбіт әлем». Музей фойесінде келушілер аттас стендтік көрмеде шебердің өмірі мен қызметінің кезеңдерімен таныса алады.

       «Орыс өнері залы» экспозициясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жинағынан әлемге әйгілі суретші Николай Рерихтің төрт туындысы ұсынылады. Бұл Санкт-Петербургтің алғашқы кезеңіндегі «Половец лагері» (1914), «Қаһарлылар» (1901), «Мехески-ай халқы» және «Алып Кримгерд» атты еңбектері. Картиналар халықаралық көрмелерде – Санкт-Петербургте және Қазақстан Астанасында қойылған. Музей қорында Николай Рерихтің туындыларының болуы алматылықтар үшін үлкен мәртебе.

Нұршидин Баратовтың «Үш терезе» атты жеке көрмесі ашылады.

2024 жылдың 29 наурыз күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Нұршидин Баратовтың «Үш терезе» атты жеке көрмесі ашылады.

Әр суретшінің шығармашылығында оған жақын тақырыптар, жанр және орындау техникасы бар. Нұршидин Баратов үшін бұл пленэрлік пейзаждық кескіндеме. Табиғаттың өзгермелі, тез өзгеретін тірі ортасы суретшіні баурап алады, одан алынған әсер оның шығармашылығының объектісіне айналады. Көрмеде жыл мезгілдері пейзаждары, қала және ауыл мотивтері, натюрморт және теңіз көріністерін қамтитын тақырыптық топтарға топтастыруға болатын 100-ге жуық туынды қойылады.