2022 жылғы 10 тамызда сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының «Толғаныстар» көрмесі ашылады.
«Таң-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қоры Қазақстан мен алыс-жақын шетелдердің кәсіби суретшілерін біріктіреді. Олардың көпшілігінің есімдері республикалық және халықаралық көрмелерде белгілі. «Таң-Шолпан» ХТӘСҚ-ның негізін қалаушы – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық суретшілер Одағының мүшесі, суретші-кескіндемеші Жәмила Такен. «Таң-Шолпан» қорының негізгі мақсаты суретші әйелдің шығармашылық әлеуетін ашу, оның тұлғалық, шығармашылық және рухани өсуі болып табылады. Қордың атауы таңның атысымен, таңғы жұлдызбен, қайта жаңғырумен және әйелдің жасампаз қуатымен байланыстырылады.
«Толғаныстар» - тұжырымдамалық көрме. Қазір күрделі, геосаяси оқиғалар кезеңі. Әлем өте нәзік және осал болып қалды. Адамдар, әсіресе, Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан және Украинадағы РФ арнайы операциясынан кейін болашаққа алаңдаушылықпен қарай бастады. Өкінішке орай, көп балалы аналар проблемасы, жастар арасында суицидтің өсуі және т.б. орын алуда. Біз сырттай бақылаушы бола алмаймыз және өз шығармаларымызда болып жатқанның мәнін жеткізуге тырысамыз, ал, жеткізе алдық па, жоқ па – оны көрермендеріміз бағалайды...», - деп жазады Жәмила Тәкен.
Заманауи әлем туралы ой жүгірте отырып, Қор суретшілері екі перфоманс жасады, олардың тақырыптары цифрлық технологиялар – «QR-сod дала» және геосаяси «Алақандағы аспан», әлемді, таза көгілдір аспанды сақтау туралы, Қазақстан Суретшілер Одағы және басқа да шығармашылық топтар қатысқан Тәңірдің ежелгі мәдениетіне үндеулер болды. "Суретші - бұл халықтың үні, айналада болып жатқан барлық жағдайларға сезімтал, Табиғатты, қоршаған әлемді нәзік сезінеді. Біздің ұлы дала шексіз көкжиек пен ашық аспанның көгілдір тұңғиығымен ұштасқан- бұл біз өмір сүргіміз, жаратқымыз, сүйгіміз келетін дүние", - дейді Жәмила Такен. Көрмеде көрермендер осы қойылымдармен бейне форматта таныса алады.
Әр жаңа көрмеде суретшілер жаңа туындылар жасауға тырысады. Әр көрменің өз тақырыбы мен идеяларды жүзеге асыру уақыты бар. Мысалы, 2022 жылғы наурыз айында Қазақстан елордасындағы ҚР Ұлттық музейінде ашылған «Тікенектер арқылы...» көрмесі Қазақстанның халық ақыны Мәриям Хакімжанованы еске алуға арналған.
Көрмеде ұсынылған шығармаларда қазіргі өмірдің шындығын көрсететін әлеуметтік тақырыптағы тұжырымдамалық жұмыстардан басқа, философиялық ойлар, дерексіз кескіндеме бар. Бұл көркем шығармаларда, гобелендерде және киізден жасалған паннода бейнеленген ұлттық тақырып. Графика, сонымен қатар, акварель жұмыстарымен ұсынылған, олар орындау шеберлігімен, ой тереңдігімен, үйлесімді колористикалық комбинациясымен ерекшеленеді.
Тарихта мәдениеттің жалпыадамзаттық қазынасына елеулі үлес қосқан әйгілі әйел суретшілер аз емес. Бүгінгі таңда шығармашыл әйелдің өз шығармашылығы арқылы әлемге айтары бар. «Біз өз шығармашылығымызды адамдарға көрсеткіміз келеді, әлемдегі өркендеу мен мәдени-рухани жаңғыруды қолдаймыз, өйткені, біздің қорымыз «халықаралық» мәртебені бекер иеленбеген. Қордың феминистік идеяларға ешқандай қатысы жоқ! Бізді өнерге деген сүйіспеншілік, сұлулықты жасауға деген ұмтылыс біріктіреді. Біздің әрқайсымыздың өз көзқарасымыз бен өзіндік ерекшелігіміз бар, бірақ ынтымақтастық процесінде біз одан да көп нәрсеге қол жеткіземіз», – дейді өз сұхбаттарының бірінде Жәмила Такен.
Көрме 2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Баженова Наталия – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Қазақстан қолданбалы өнер» бөлімінің меңгерушісі