2024 жылдың 4 сәуірі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады. Көрмеге 1970 жылдардың соңынан қазіргі уақытқа дейін жасалған 50-ден астам картиналар – портреттер мен пейзаждар ұсынылады.
Владимир Киреев – өнердегі академиялық дәстүрді ұстану арқылы шығармашылық дүниетанымы айқындалатын тамаша көркемдік білімі бар суретшілердің бірі. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде суретші алған реалистік кескіндеме негіздері (1966 жылы бітірген), Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясында оқу кезеңінде жетілдірілген (1973 жылы бітірген). Өзінің кәсіби мансабында суретшінің басты мақсаты шығармашылық стиль және көркемдік әдіс ретінде реализмге назар аудару болды. Суретшінің камералық және монументалды жұмыстары белгілі, олардың көпшілігі республиканың жетекші өнер музейінің қорына енгізілген.