2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында орнитолог, фотограф, оператор және кинорежиссер Олег Беляловтың «Жан дүние географиясы» атты ретроспективті фотокөрмесі ашылады.
Олег Белялов – бұрынғы КСРО аумағындағы ең мықтылардың бірі Долгушин орнитология мектебінің ізбасары, оның Орта Азияда, Қазақстанда, Алтайда, Моңғолияда, Израильде және Африкада түсірілген кадрлары бар, көптеген ғылыми басылымдар мен анықтамалықтарды безендірді. Оның «Жетісу», «Алтын-Емел. Қазақстан табиғатының інжу-маржаны», «Қызғалдақтар елінде», «Қарқаралы», «Баянауыл» бірегей деректі картиналары халықаралық кинофестивальдерде марапаттарға ие болды.
Ол 1960 жылы 23 тамызда Алма-Ата қаласында дүниеге келген. Жас кезінде Іле орнитологиялық отрядына Анатолий Федорович Ковшарға қабылданды. 1984 жылы ол өзінің мансабын «Қазақфильм» киностудиясында әкесі, әйгілі қазақстандық деректі кинорежиссер Вячеслав Беляловтың, оператордың көмекшісі ретінде бастады. 1987 жылдан бастап оператор және фотограф ретінде кәсіби жұмыс жасаған. 20-дан астам фильмдер мен 100 аса полиграфиялық жобаларды жасауға қатысқан. Ол өз фильмдерінде сценарий авторы, режиссер және оператор рөлдерін атқарды.