Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Әсем-Әлем» дәрісхана аясында келесі тақырыптар бойынша дәрістер курсын, ғылыми-практикалық және шеберлік сабақтарын ұсынады:
1. Музей қызметінің негіздері
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы
3. Материалдық-техникалық және бағдарламалық жабдықтауды жаңғырту және жаңарту әдістері
4. Музей көрмелерін жобалау бойынша ұсыныстар
5. Өнер туындыларын кез-келген музейдің ғылыми қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атрибуциялау
6. Музей заттарын реставрациялау.
7. Музейлік білім беру жұмысы
8. Мәдениет мекемелерінде қол жетімділік пен инклюзияның даму стратегиясы.
Сабақтар аяқталғаннан кейін тақырыптар мен тыңдалған сағат туралы сертификат беріледі.
I Музей қызметінің негіздері
– Музейдің құқықтық мәртебесі – заңгер Кұнақбаева Г.
– Қорды жинақтау қағидалары – директордың ғылым жөніндегі орынбасары Кобжанова С.Ж., қорды есепке алу және сақтау бөлімінің жетекшісі Школьная И.А.
– Музейде есепке алу және сақтау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу - есепке алу және сақтау бөлімінің жетекшісі Школьная И.А.
– Музей заттарын есепке алу және сақтау. Қорлардың құрамы мен құрылымы, коллекциялардың атаулары мен шифрлары. Түсімдер кітаптары, коллекциялық тізімдері. Түгендеу кітаптары мен төлқұжаттар.
– Музей заттарының қолда барын тексеруді ұйымдастыру: мақсаттары, ұйымдастырушылық тәжірибесі, есепке алу ақауларын жою. Музей коллекциясын салыстыру.
– Музей қорларын сақтау мен есепке алудың құқықтық негіздері. Музей заттарын тіркеу мен сақтаудың нормативтік-құқықтық базасының қазіргі жағдайы.
– Экспонаттарды есепке алу қағидалары
– Қолда барларды-салыстыру мерзімді тексерулерін ұйымдастыру - директордың ғылым жөніндегі орынбасары Кобжанова С.Ж., бас қор сақтаушы Молдашева Г.
II. Материалдық-техникалық және бағдарламалық жабдықтауды жаңғырту және жаңарту әдістері
– директордың жалпы және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары Сатыбалды Н. Н.
III. Музей көрмелерін жобалау бойынша ұсыныстар
– «Көрме және экспозиция» бөлімінің жетекшісі Акылбекова А.Р.
– Көрме қызметінің ерекшеліктері
IV. Музей заттарын сақтауды ұйымдастыру – бас қор сақтаушы Молдашева Г.Б.
– Микроклимат параметрлерін бақылау және тұрақтандыру, сақтау, көрмеге қою, тасымалдау жағдайында музей үй-жайларында микроклимат параметрлерінің мониторингін ұйымдастыру. Музейде ауа баптау жүйелерін қолдану; музей үй-жайларының микроклиматына қойылатын талаптар; музейлік витриналардағы микроклиматты тұрақтандыру әдістері.
– Музейлік заттардың орнын ауыстыру және тасымалдау. Әр түрлі материалдардан жасалатын музей заттарының жәшіктері мен қаптамаларына қойылатын талаптар. Қажетті тасымалдау шарттары. Музейлік заттардың көрме алаңына келген кезде олардың сақталуын тексеру.
– Әр түрлі материалдардан жасалған музейлік заттарды сақтаудың ерекшеліктері.
– Сақтандыру, экспонаттардың бағасы
– Музейлік заттардың орнын ауыстырудың ерекшеліктері. – директордың ғылым жөніндегі орынбасары Кобжанова С.Ж., бас қор сақтаушы Молдашева Г.Б.
V Өнер туындыларын кез-келген музейдің ғылыми қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атрибуциялау
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ жинағындағы туындыларды атрибуциялау мәселелері
– Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясындағы А. Васнецовтың «Өткеннің жаңғырығы» туындысы
– Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ жинағындағы В.Э. Борисов-Мусатовтың шығармалары
– Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ жинағындағы Василий Рождественскидің шығармалары – «Шетел өнері» бөлімінің жетекшісі Г. Сырлыбаева
– Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ жинағындағы В.И. Шухаевтың шығармалары. «Ля Брюйердегі шіркеу» туындысын атрибуциялау «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің жетекшісі – Мұқажанова К.Ж.
.
– «Өнер туындыларын сараптау және атрибуциялау» – «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ЖҒҚ Джадайбаев А.Ж.
VI Ғылыми-зерттеу жұмысы - бұл материалдық және материалдық емес мұра нысандарын жинақтау, өңдеу және ғылыми және жалпы мәдени айналымға енгізуге байланысты музей қызметінің жетекші бағыттарының бірі.
– Қор негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы. Каталог музей қызметінің негізгі үлгісі ретінде – директордың ғылым жөніндегі орынбасары Кобжанова С.Ж.
– Қолөнер туындыларының техникаларын зерттеу және аймақтық ерекшеліктерін айқындау. – «СҚӨ» бөлімінің жетекшісі Жұмабекова Г.М.
– Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу әдісі. Сақтау және қайта қалпына келтіру принциптері. – «СҚӨ» бөлімінің АҒҚ Жуваниязова Г.Қ.
– Қазақ әйелдерінің дәстүрлі қолөнерінің түрлері – «СҚӨ» бөлімінің АҒҚ Баженова Н.А.
- Қазақстан бейнелеу өнері (шолу дәрісі) – «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ЖҒҚ Джадайбаев А.Ж.
- Қазақстан бейнелеу өнері дәрісі (қазақ т.) – «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің АҒҚ Әбілдаева Л.
- Қазақстан графикасы дәрісі (қазақ т.) – «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің сектор жетекшісі Мамытова С.
- Ә. Қастеевтің шығармашылығы (қазақ т.) – бөлімінің сектор жетекшісі «Қазақстан бейнелеу өнері» Мырзабекова С.К.
VII Музейлік заттарды реставрациялау. – Реставрация бөлімінің жетекшісі Г. Қалдыбаева.
– Заманауи реставрациялау шеберханасы жұмысының негізгі бағыттары, музейлік заттарды әр түрлі материалдардан реставрациялау, алдын алу консервациялау негіздері, реставрациялау процестерін құжаттық тіркеу.
VIII Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (дәрістер 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді) – МНС отдела «Шетел өнері» бөлімінің КҒҚ Вологодская В., «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің КҒҚ Омарова Е., қор сақтаушы Бөкеш Т.
IX. Музейлік-білім бер жұмысы – «Музейлік педагогика» бөлімінің жетекшісі Танская О.
- Музейлік экскурсияны әзірлеу және өткізу әдістемесі
- Бастауыш сынып аудиториясына арналған дәріс залының жұмысы
- Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ шығармашылық фестивальдарының жобасы мысалында топтық музей сабақтарының топтамасын өткізу.
X. Мәдениет мекемелерінде қолжетімділік пен инклюзияның даму стратегиясы – Баженова Н.
Мәдениет мекемелерінің жетекшілері мен мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған
– Мекеменің құрылымдық-функционалдық бағыттарының қолжетімділігі, «ерекше келушілермен» жұмыс формалары мен әдістері, әдістемелік қолдау және мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекеттесуге бағытталған арнайы музейлік бағдарламалар құру.
– Инклюзивті кеңістіктегі жұмыс формалары мен әдістері. Инклюзивті жобаларды басқару мен инклюзивті бағдарламаларды ұсынудағы қиындықтарды жеңудің тәсілдері. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ инклюзивті жобаларының үздік тәжірибелері
– Мәдениет мекемелерінің қол жетімділігі мен ашықтығын арттыру
– Мәдени өмірдегі инклюзивті тәсілді дамыту тұжырымдамасы. Негізгі түсініктер: қол жетімділік және инклюзия.
– Мәдениет мекемесінде инклюзивті ортаны дамыту - практикалық шешімдер. Қандай кедергілерден өту керек, қандай проблемалар мен ұйымдастырушылық қиындықтарды шешу керек. Музей тәжірибесінен мысалдар.
Ә. Атындағы ҚР МӨМ ARDI ұйымымен серіктестік тәжірибесі.
– Әр түрлі санаттағы мүгедектермен жұмыс туралы не білуіңіз керек. Соқырлармен жұмыс. Қарым-қатынас пен қабылдаудың ерекшеліктері. Заманауи техникалық шешімдер: тифлоқұралдар, ақпаратты қабылдауға көмектесетін құралдар, кеңістіктегі орын ауыстыру пен бағдар үшін құралдар, тифлотүсініктеме (аудиодескрипция).
– Аутизм спектрі бұзылулары бар адамдармен жұмыс істеудің негізгі қағидалары. АСБ бар адамдардың қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ерекшеліктері. Мәдени кеңістікте АСБ-мен ауыратын адамдарға жайлы демалыс құрудың жолдары: достық ортаны қалай құруға болады. Кеңістікті бейімдеу және қызметкерлерді дайындау бойынша жұмыс.
– Саңырау адамдармен жұмыс. Есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектесетін жұмыс және техникалық құралдардың ерекшелігі.
Барлық сұрақтар бойынша қоңырау шалу: 8(727) 3945702, +7707 2808663
Кобжанова Светлана Жұмасұлтанқызы