2023 жылғы 8 қарашада сағат 11.00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрме Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілгеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Бұл экспозиция Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға енгізілген сәттен бастап шығарылған бірегей монеталарды ұсынады. Экспонаттар мәдени, саяси және тарихи сәттерді қамтиды, бұл жәдігерлер көрермендерге қазіргі қоғамның өміріне әсер еткен бірегей тарихи оқиғалармен танысуға мүмкіндік береді. Монеталар көрермендерге халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін паш ете отырып, коллекциялық монеталарға қазіргі заман тұрғысынан жаңаша көзқарас ұсынады.
Егеменді жас мемлекеттердің қатарына қосылған біздің еліміз бен халқымыз Ұлы даланың бай тарихының ұрпағы әрі мұрагері болып табылады. Біздің жылнамамыз ержүрек көшпенділер, ежелгі сақтар дәуірінен, жартастарға алғашқы петроглифтерді қалдырған қолөнершілерден бастау алады. Бұл әлемдік тарихтың орасан зор бөлігі.
Сол заманнан бастап соғылған көне теңгелер бүгінгі күнге дейін жеткен. Олар көне дәуірдің сырын ашып қана қоймай, Ұлттық Банк дизайнерлерін өткен дәуірлердің түсі мен рухын, сондай-ақ заманауи инновациялық технологиялардың күші мен мәнерлілігін бойына сіңіретін заманауи монеталарды жасауға шабыттандырды. Оларды пайдалану нәтижесі суретшілердің түпкі ойын толығымен жүзеге асыруға және монеталардың мәнерлілігі мен сұлулығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
KOKBÓRI жаңа инвестициялық монеталарының тұсаукесері. Қазіргі уақытта инвестициялық монеталар нарығындағы жаһандық үрдістер дизайны айрықша коллекциялық және сыйға тартылатын монеталарға бағытталған. Осыған орай, Қазақстанның инвестициялық монеталар нарығын өзектендіру, оларды танымал ету және халықаралық нарықта ілгерілету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ALTYN BARYS және KUMIS BARYS атты инвестициялық монеталарына ребрендинг жасады.
Жаңа KOKBÓRI инвестициялық монеталарында «Көшпенділердің қасиетті жануарлары – тотемдері» атты монеталар сериясының дизайн стилі пайдаланылды, олардың жоғары танымалдылығы қысқа мерзімде Қазақстанның «тотемдік» инвестициялық монеталарының өзіндік бірегей брендін жасайды.
Көрме 8-9 қараша күндері музейдің конференс-залында өтеді.
Көрме жетекшісі – Ақжігіт Нүсіп