Оқиғалар

«Сенің және менің әңгімем» атты көрменің ашылуы және корей фотосуретшісі Ок Сун Киммен кездесу өтеді.

2023 жылдың 14 қараша күні сағ. 14.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Сенің және менің әңгімем» атты көрменің ашылуы және корей фотосуретшісі Ок Сун Киммен кездесу өтеді.  

Көрме экспозициясына қойылған фотосуретшінің  47 жұмысынан табиғатты, бізді қоршаған заттарды және матримониялық мақсатта қоныс аударған, жұмыс іздеп немесе табиғи апаттардан қашқан бейтаныс адамдарды көруге болады. Кимнің жұмысы кейіпкерлердің шынайылығы мен сенімділігі, жағдайды нәзік қабылдауы, байсалдылығы және ерекше бөлшектерімен ерекшеленеді.

Ок Сун Ким бастапқыда университет клубында фотосуретпен хобби ретінде айналысты, 1990 жылдардың ортасынан бастап фотосурет оның кәсібіне айналды. Ол Хонгик университетінің фотосурет  саласы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.  Оңтүстік Кореяның Ұлттық заманауи өнер музейі, Leeum – Samsung компаниясының өнер музейі, Сеул өнер галереясы, Atelier Hermes сияқты түрлі музейлер мен галереяларда, сондай-ақ PS1/MOMA, Челси, Хьюстон, Санта-Барбарадағы көркемсурет музейлерінде, Токиодағы фотосуреттер музейінде, Тайбэйдегі Тайвань ұлттық музейінде, Гонконг, Буэнос-Айрес пен Сантьягодағы музейлері мен галереяларда өз жұмыстарын көрмеге қойды. Оксун Ким Ilwoo Photography Prize (2017), Dong Gang International Photography Award (2016), Seko Photography Award (2010), Next Generation Artist Award (2007) қоса әртүрлі марапаттардың иегері.

Көрмеге қойылған жұмыстар «Портреттер», «Жарқыраған заттар», «Жазықсыздық музейі», «Үйге жол жоқ», «Хамелдің қайығы», «Бірге бақытты» сияқты алты топтамалардан тұрады, олар 2000-жылдардың ортасынан бастап түсіріле бастады.  Кореяның жетекші фотосуретшілерінің бірі Ок Сун Ким алғаш рет сана-сезім мен өзіндік сәйкестік мәселелеріне арналған жұмыстарының арқасында танымалдыққа ие болды. Оның жұмысы тек патриархалдық әлеуметтік құрылым шеңберінде мағынасы бар болып көрінетін әйелдердің өміріне жарық түсірді.  Шетелдік азаматпен некеге тұру және қоныс аудару әйелдерді өз өмірін толығымен қайта қарауға мәжбүрледі. Шебердің алғашқы жұмыстарынан фотосурет нысанына ерекше көңіл аударғаны сезіледі және сол арқылы суретшінің өзіне тән ерекшелігі байқалады. Уақыт өте келе Ким өз кейіпкерлерін типологиялық жағынан жіктеді, ол тәжірибесі ұқсас кейіпкерлер мен миграция түрлерін біріктірді, оларды өздерінің жеке өмірлерінің призмасы арқылы суреттеді, бұл фотосуреттердің бірнеше сериясын жасауға алып келді. Суретшінің жұмыстары көші-қонды басынан өткізгендердің жеке оқиғаларына деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді.

Ок Сун Кимнің фотосуреттерінде адамдар мен жүйелер арасындағы шиеленіс пен үйлесімділік қарапайым, бірақ мағыналы түрде көрсетіледі.  Миграция мен мигранттарды баяндау құрылымында  жыныс, отбасы және ұлт сияқты тақырыптар жеке өміршеңділігімен айқындалған.  Суретші егжей-тегжейлі түсіндіруден тартынса да, фотосуреттердегі адамдардың жүздері күшті магнитті өріс тудырып, бізді жеке адамнан да тереңірек нәрсені елестетуге мәжбүр етеді. Олардың жеке кеңістігі қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне айналып кеткен.

Фотосуретшімен кездесу орны: музейдің  конференц залы

Фотокөрме: Батыс Еуропа өнері залы және Қазақстан өнері залы 4

Көрменің жұмыс күндері мен  уақыты:  10.00-ден 17.30-ға дейін  (дүйсенбі - демалыс).

Көрме 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін жалғасады. 

Қосымша ақпарат: 8 (727)394-57-15 (ішкі 123)–ресепшн. 

Көрменің куратор: Айдымбаева Ақмарал Алтайқызы -  8775340996

KOSEIPA-size02jpg-
KOSEIPA-size03jpg-
KOSEIPA-size04jpg-
KOSEIPA-size05jpg-
KOSEIPA-size01jpg-