Оқиғалар

«МЕН ЖҮРЕГІММЕН КӨРЕМІН» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

2023 жылдың 12 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «МЕН ЖҮРЕГІММЕН КӨРЕМІН» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

 «Мен жүрегіммен көремін» көрмесіндегі туындылар зағип жандардың қолымен жасалған. Жоба көзі көрмейтін және нашар көретін жандардың өміріне ғана назар аударуға емес, сонымен бірге біздің әлемнің сұлулығына ерекше тәнті барлық жандардың мәңгілік өнерге де махаббатына арналған. Өнер саласы қоғам мен ортаның түйсінуімен және қабылдауымен тығыз байланысты, бірақ мұны қоғамның аз ғана бөлігі қабылдайтыны хақ. Біздің жобамыз – бұл біздің арамыздағы параллель түйсіктерге ауыса отырып қоршаған әлемді түсінуге тырысу.

Көрме адамды әдеттегі шектеуден босатып, жаңа нейрондық байланыстарды тудырады және кеңейтеді, әртүрлі көзқарастардың және  дүниені сезінудің бар екендігі туралы түсінік қалыптастырады, көрмеген нәрсені көру, сүймеген нәрсеге ғашық болу, түсінбеген нәрсені түсіну сияқты біздің жан дүниеміздегі өзге шындықты көрсетеді және үйреншікті ойымызды өзгертеді.

 Бұл жобаның қатысушылары – әртүрлі жастағы зағип әйел әрі ер адамдар. Суретшілер өз туындыларында әлемге деген өздерінің көзқарасын, оны іштей қалай көретінін және сезінетінін көрсете білген. Өнер арқылы олар өз ойларын, армандарын, ұғымдарын жеткізе алған. Әрбір туынды зағип жандардың өзіне ғана белгілі басқа шындықта өмір сүретін адамның ішкі әлеміне тарта отырып, көрерменнің  терең сезіну түйсігін тудырады.

 Көрме басталар алдында концерт ұйымдастырылды. Концерт көзі көрмейтін жандардың «қарайтынымен» ерекшеленеді. Ұйымдастырушылар дыбыстың, музыканың, иістің және басқа да иммерсивті компоненттердің көмегімен өнерге толықтай ену мүмкіндігін жасауға тырысты. Концерттен кейін көрермендерге ерекше суретшілердің шығармашылығы көрсетілді. Қарапайым адам ақпараттың 80%-ын көру арқылы қабылдайды екен. Ал зағип жандарда басқа сезімдер мен түйсіктер ерекше дамыған. Қараңғылық оларды сыртқы әлемнен айырып, өздерін шынайы естуге мүмкіндік береді. Оларды алаңдататын артық ештеңе жоқ. Бұны өзіңнің жан дүниеңе саяхаттау деп атауға болады. «Өзіңіздің қиялыңыздағы концерттің режиссері болыңыз және бір мезеттік қараңғылық сіздің ішкі әлеміңіздің көрінісі болсын», - дейді іс-шараны ұйымдастырушы Марика Андреева.

 

Көрмеде келесі туындылар көрсетіледі:

  1. Ғалымұлы Ардан. «Еркіндік». Холст, май. Р. 120х90. Қазақстан.
  2. Илья Смертин. «Табиғат». Холст, май. Р. 80х60. Якутия.
  3. Валерий Корнилов. «Автопортрет». Холст, май. Р. 80х60. Якутия.
  4. Иннокентий Кононов. «Шабындық». Холст, май. Р. 70х60. Якутия.
  5. Сахая Данилова. «Күннің батуы». Холст, май. Р. 80х60. Якутия.
  6. Мичил Моисеев. «Арман». Холст, май. Р. 80х60. Якутия.

Көрменің әрбір қатысушысының ерекше өмір тарихы бар және өз картинасын жасауда талай қызықты бастан өткерген. Бұлардың әрқайсысы осы әлемде қоғамға сіңісуге тырысады: Валерий Корнилов «Егор оқуларында» өнер көрсетеді, Сахая Данилова тарих факультетін бітіріп, жеңіл атлетикамен айналысады, Иннокентий Кононов өз қолымен үй салды, ал Ғалымұлы Ардан зағип жандардың әлеуметтену тақырыбын қамтитын белсенді блогер. Бұл суретші рөліндегі тәжірибе осы жобаның әрбір қатысушысының эксперименттерге дайын батыл тұлға екенін сипаттайды, өйткені олардың ешқайсысы суретші мамандығы бойынша оқымаған. Біз суретшілерімізге олардың әлеміне үңілу мүмкіндігін бергені үшін, жүректерінің ашықтығы мен тазалығы үшін алғыс айтамыз. Бұл бізге жан дүниеміздің тұңғиығынан жаңа бағыттарды іздеуге көмектеседі деп үміттенеміз!

Көрмені 19.09.-24.09.2023 аралығында тамашалай аласыздар. Билеттер sxodim.com қолжетімді.

3785903906932088761659666071696419521946171n
3785948906932091828326026108688618786365455n
3785979656932084661660072344586074742769384n
3785980066932097128325495671838899253228504n
3786674636932085794993292469620752844714643n
3786775646932093828325822819475299983756648n
3786753386932087628326441322724444677297597n
3787098846932087294993147810015462143499836n
3787215926932086328326577497864258959097299n
3787720416932094294992447153436873468120574n