2023 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолдауымен «Cultural Dilaogue» қоғамдық қоры қала күніне арналған «ALMA» альбомының көрмесі мен тұсаукесерін ұсынады.
Экспозиция музей қорындағы 40-қа жуық суретті, графика мен мүсін туындыларын бір тақырыпқа біріктірді. Алма оның басты «әрекет етуші тұлғасына» айналды. Баққа айналған қала Алматының атауы осы жеміспен тығыз байланыстырылады. Бүгінгі күні ғылым бүкіл әлемге тараған алманың 2 500-ден астам сұрпының түп тегі Сиверс жабайы алмасы екенін дәлелдеді, бұл алма Қазақстанда Алатаудың баурайында және Орта Азияның таулы аймақтарында өседі.
Көрмеде жайқалған бақтардың сұлулығын, алынған мол өнімнің мен жемістердің сұлулығын көрсететін Қазақстанның көркем бейнелеу өнері шеберлерінің бірнеше буынының шоқ жұлдыздарының шығармалары ұсынылады.
Экспозицияда қазақ натюрмортының негізін қалаушы болып саналатын алғашқы кәсіби суретші Айша Ғалымбаеваның шығармалары ерекше орын алады. Оның көптеген сәндік жарқын «шырынды» композицияларында «алма» бейнесіне басымдылық берілген. Дәл осы натюрморт заңды түрде осы көрме кеңістігінде басым жанрға айналады. Абрам Черкасскийдің гүлдері мен жемістерінің бейнесі түстердің еркіндігімен және қанықтығымен толыққан. Леонид Леонтьев реалисттік әдістен бастап авангардттық тәсілге дейінгі бейнелеу құралдарының ауқымын кеңейтеді. Театрға жанымен берілген Владимир Колоденко барынша мәнерлілік іздеп, шығармаларда ерекше сәнділік пен стиль айшықтығына қол жеткізеді.
Алма мен піскен жемістердің бейнелері табиғи заңдылықты сипаттайды. Гүлденген бақтар Алексей Степанов, Абрам Черкасский, Загрутдин Назыров үшін өзіндік тақырыпқа айналған. Әр шығармада авторлық қолтаңбаның даралығын айқындайтын ерекшеліктер көрініс тапқан, алайда барлық жұмыстар әрдайым қысқы ұйқыдан оянатын табиғаттың нәзік әрі ғаламат күйін сезінетін бақылаушының лирикалық көңіл-күйін біріктіреді.
Бірқатар шығармалар жанрлық композицияларға жатады. Ғани Баяновтың «Жемістер» еңбегінде ұрпақтар жалғастығының байланысы, сабақтастықтың үздіксіз тізбегі байқалады және алма маңызды символға айналады. Жастық шақ пен сұлулыққа толы жеміс жинаушылардың бейнесін Евгений Умысков, Айша Ғалымбаева және Мария Лизогуб әдемі жасаған.
Қазақстанның графикалық өнерінің бетке ұстар туындыларының бірі - Евгений Сидоркиннің қаланың, алманың бейнесіне арналған «Алматы алмалары» суреті сәнділік пен молшылыққа толы. Константин Барановтың осы аттас сериясы алма бағындағы жыл мезгілінің әр кезеңіндегі қалпын және көңіл-күйін көрсетеді.
Алма тек кескіндеме мен графикада ғана емес сондай-ақ мүсін өнерінде де ерекше орын алады. Еркін Мергенов «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан суретші-қазақстандықтарға арнау. Алма-Апа» деген айрықша атауы бар арнау туындысында есте қаларлықтай ерекше бейне жасайды. Төлеген Досмағамбетов «Алма ағашында» туындысында бейнелі түрде жиынтықталған сюжетте әйел затының жұмақ діңіне ұқсас құнарлылық идеясын бейнелейді.
Алманы танымның, өмірдің, отбасының символы ретінде көп мағынада түсіндіру оны мифтерде, аңыздарда, фольклорда кездейсоқ туындамайтын архетиптерге жатқызуға мүмкіндік береді. Табиғаттың осы бір ғажайыбының бірегей пішіні, түсі, хош иісі мен дәмі - әлемдік және қазақстандық өнердің шабыт көзі.
Көрме 2023 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – А. Акилбекова