Оқиғалар

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Алматы қаласы күні мерекесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің іс-шаралар жоспары

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Музейдің жұмыс тәртібі күнделікті сағат 14.00-ден 21.00-ге дейін.

 

  • 13 қыркүйек 19.00-де Сәкен Нарыновтың мүсіндер топтамасының ашылуы     

Музей ашық аспан астында мүсіндердің жаңа топтамасын ұсынады. Жақында қайтыс болған әйгілі заманауи мүсінші және сәулетші Сәкен Нарынов «Текшенің алты күйі» топтамасын жасаған болатын. Суретші бірегей жобасын музейге тапсырған еді. Көрермендердің осы ерекше мүсін жобасымен танысуына және дәріс аясында суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттан хабардар болуына мүмкіндігі бар.

2        13 қыркүйек 19.20-да    «Сәкен Нарынов. Уақыт кеңістігінде» дәрісі

Музей аумағында жаңа кеңістікте мүсіндердің жаңа топтамасын ашқаннан кейін  көрермендерді «Сәкен Нарынов. Уақыт кеңістігінде» атты дәрісті тыңдауға шақырамыз, ол жерде көрермендер Сәкен Нарыновтың шығармашылығының негізгі кезеңдерімен және туындыларымен танысатын болады.

Лектор – Резникова Е.И.

3        14 қыркүйек 14.00-де    Жәрмеңкенің ашылуы – қала пейзажын сату.                   Музейдің кіре берісінде қазақстандық заманауи суретшілері туындыларының жәрмеңкесі (open air форматында).

Музей алдындағы ашық алаңда қала пейзажы жанрын шығармашылығына тиек еткен суретшілердің авторлық көркем туындыларының көрме-сатылымын ұйымдастыру көзделіп отыр. Сүйікті қаламыздың  көрінісінен шабыт алған заманауи қазақстандық шеберлерді, атап айтқанда: Айсұлу Усентаеваны, Рауан Сулейменов, Анара Абжанова, Алексей Уткинді, Нұрлан Әбішевті, Станислав Хорликовты, Нуршитдин Баратовты және басқаларын шақырамыз. Көрермендердің туындыларды авторлардың өзінен тікелей сатып алу мүмкіндігі туып отыр.

4        15 қыркүйек 19.00-де Хуан Саликеттің  (Испания) – «POSTКАРД The Skin I Dressed & Correspndencias» атты арт жобасының ашылуы

Экспозицияға автордың фотосуреттер топтамасы кіреді, фотосуреттерде біз үшін сіңісіп кеткен қала тіршілігі шетелдік суретшінің көзқарасымен бейнеленген.

 

5        16 қыркүйек 19.00-де    Көрменің ашылуы және

«Алма» каталогының таныстырылымы

Сүйікті қаламыздың негізгі символы болып табылатын алма тақырыбымен байланыстырылған көрме және каталог. «Cultural Dialoge» қоры және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ.

Экспозицияға Алматы қаласының символы – алмаға арналған Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорындағы қазақстандық суретшілердің 40-қа жуық туындысы кіреді. Көрмеде «Алма» альбомының таныстырылымы көрсетіледі.

 

  1. 17 қыркүйек 19.00-де «Мың бояулы Алматы» музей қорынан алынған көрменің ашылуы.   

Алматы қаласының пейзажын бейнелеген әр кезеңдегі қазақстандық жетекші шеберлердің суреттері қамтылған Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ қоры туындыларының көрмесі (40-қа жуық туынды).  

Қаланың жан-жақты, көп қырлылығын аша түсетін, танымал көрікті жерлерін, ерекше сәулетті ғимараттарын, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарын, тым-тырс көшелерін дарынды суретшілердің шығармашылық әлемі арқылы тамашалау жанға жағымды естеліктер қалдыратыны хақ. Көрме ашылған күні экспозиция аясында алматылық көрермендердің көзайымы болған «Джулия» мюзиклі кейіпкерлерінің қатысуымен спектакль қойылады, кеңістік пен уақытты жеңген махаббат хикаясы кескіндеме мен графикадағы қаланың танымал көшелерінде өрбиді.

  1. 17 қыркүйек 17.00-де Жетекші қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы қала пейзажы туралы дәріс    

Дәрісті оқитын Гүлнұр Жұбанова (қазақ тілінде)

-
----