Оқиғалар

Қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады. Экспозицияда суретшінің үш тақырыптық серияға біріктірілген 25 жаңа суреті ұсынылады.

Вернисаж 7 қыркүйек сағат 16.00-де, баспасөз-туры сағат 15.00-де өтеді.

 

Гули Громованың шығармашылығы қазақстандық көрерменге жақсы таныс. Оның 2018 жылдың қазан айында музейде өткен «Тепе-теңдіктегі ойын» атты жеке көрмесі өнер қауымында үлкен қызығушылық пен резонанс тудырды. Сол кездің өзінде-ақ, экспозиция бірнеше серияларды біріктіре отырып, кейіпкерлердің ирониялық, гротескілік және қайғыға толы философиялық тұрғыдан орындалған көркем бейнелердегі қарым-қатынасын ашатын бірегей шығармашылық ойлау қабілетімен, салынған суреттердің жоғары шеберлігімен, өзіне тән көркем тілімен көрермендердің назарын аударды.

Гүли Громованың жаңа жеке көрмесі «Бұл ессіз де әдемі әлем» деп аталады. Ұсынылған жалпы тақырып интернет дәуіріндегі кейіпкерлердің шынайы және виртуалды өмірін түсінуге, шынайы және ойдан шығарылған құндылықтар арасындағы шекараны жоюға бағытталған. Суретшінің біздің заманымыздың басым тенденциялары, адам өмірінің барлық салаларына әсер еткен жаһандық өзгерістері, ескі бағыт-бағдарлардың жойылуы және жаңа ақиқаттың пайда болуы туралы ойы толғанысы көрменің негізгі идеясы болып табылады. Гүлидің жарқыраған журналдар мен танымал блогтардың эстетикасымен ұштақсан көркемсурет салу шеберлігінің жоғары деңгейі автордың пікірінше, поп-сюрреализм стилінде салынған тартымды және ирониялық картиналарды тудырады. Громованың түсінігінде әлемнің ессіздігі мен сұлулығы жарқын фантасмагория сипатына ие болып, әрбір кейіпкердің психологиясын терең ұғынуға және дәл ашуға  бағытталған. Өзін-өзі таңдану, шексіз PR, гротескілік символизм мәселелері және апокалипсистік сюжеттерден алынған көріністер суретшінің туындыларында жеткілікті орын алады. Әлемнің ақылсыздығы мен сұлулығы интерпретацияда жарқын фантасмагорияның найзағай сипатына, терең түсінікке және әр кейіпкердің психологиясының нүктелік ашылуына ие болады. Өзін-өзі таңдануға, шексіз пиарға, гротеск символизміне және апокалиптикалық сюжеттер көріністеріне жеткілікті орын бар. Көрермен назарын жекелеген сюжеттерге аудару – бұл суретшінің әрбір адамның өмірінде болып жатқан оқиғалардың мәнін ашып, дәуіріміздің бірін-бірі жылдам алмастырып жатқан сәттерін есте сақтауға бағытталған ниеті.

Көрменің тұжырымдамасы дәйекті түрде үш серияда ашылады. «Жаңа заман жылнамасы» суретшінің техногендік қайта құру дәуіріндегі адамзат өркениетінің дамуының ықтимал болатын болашақ сценарийлері, адам мен жасанды интеллект арасындағы «теңсіз» күрес туралы көреген ескертуіне айналады. «Түрлі-түсті көлеңкелер» атты шығармалар топтамасы үштік жүйеге құрылған, мұндағы басты мақсат – көрерменге қоршаған әлемнің барлық қыр-сырын және сұлулығын сезіну қасиетін жеке тәжірибеден өткізу, мағынасы терең сұрақтарға жауап табу, автордың көзқарасымен әлемді паш ету және қоршаған ортаны түсіну үшін ұсынылған балама нұсқаны қабылдау мүмкіндігін беру болып табылады» (В.Ибрагимова). «Нағыз адамдар» сериясында Гүли үшін қызығушылық тудыратын замандастары ұсынылады – бейнелер жарқын эмоционалды бояулармен сиптталған, суретші өз кейіпкерінің сыртқы бейнесінің ұқсастығымен қатар, ішкі әлемін суреттейді.

Гули Громованың өмірбаяны өзін суретші ретінде қалыптастырған Өзбекстанмен және 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанмен байланысты. Ферғана қаласындағы алғашқы жылдары, Ташкенттегі П. Беньков атындағы Республикалық көркемсурет училищесінде және А. Островский атындағы театр және көркемөнер институтында алған білімі қолөнер, кескіндеме өнерінің заңдылықтарын және қағидаттарын игеру уақыты болды. Сурет салуды және кескіндемені тамаша игеру шеберлігі суретшіні нысанды тікелей пайымдау көзқарасынан аллегория, метафора және концептуалды идеялар тіліне бірте-бірте алшақтауға итермеледі. Кескіндеме формальды түрде ақиқат негізідемесінің тәжірибе қосындысымен үйлесімі негізінде құрылады. Негізінде ол адамның сыртқы және ішкі оқиғаларға қатысты жалпы адамзаттық ой-толғауларымен өзінің ішкі тербелісінің ажырамас байланысын білдіреді. Картиналар үнемі өзгеріс үстіндегі әлемде тепе-теңдікті іздеуде бағытталған драмалық философиялық толғаныстар мен тамаша көрнекі артикуляцияларға айналады.

Осы сұлулыққа толы ессіз әлемде ғұмырын кешіп жүрген адамзат болмысын және басынан өткерген қайғы-қасіретін зарттеп жүрген Гуля Громова сынды ХХ ғасыр өнерінің тағылымын бойына сіңіріп, ой елегінен өткізген заманауи суретшілер өте аз.

Көрме 2023 жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі Екатерина Резникова

---2023---
----2023-
--2020-
-----2023-