Оқиғалар

1931-1993 жылдар аралығында «Советский музей» атауымен жарық көрген кәсіби музей журналы «Мир музея» деп жаңа атауына ауыстырылған.

Музейде – әрбір кескіндеме, әрбір нысанды жасаған тұлғалардың, зал қараушыларының, музей қорын зерттеушілердің және осы өнер туындысымен қандай да бір түрде байланыста болған тұлғалардың жеке тарихы жатыр. Дәуір тарихын, туындылардың жиынтығын және әрбір келушінің жеке өмірін байланыстыру үшін оны қалай ұсынуға болады? Бұл ретте музей журналы қандай рөл атқарады? Ол не үшін қажет және қай тілде сөйлейді? Журнал саны қалай жасалады?

Сіз бұл туралы, сондай-ақ материалыңызды жариялау үшін қалай жазу керектігін және тағы басқа мәселелерді ТМД-дағы ең көне «Мир музея» атты мамандандырылған музей журналы редакциясының қызметкерлері                  Ксения Сергазина мен Лариса Плетниковадан біле аласыз. Кездесу 2023 жылдың          5 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің мәжіліс залында өтеді. Басталу уақыты 16.00.

1931-1993 жылдар аралығында «Советский музей» атауымен жарық көрген кәсіби музей журналы «Мир музея» деп жаңа атауына ауыстырылған. Басылым мұражай ісіне, мәдени мұраны сақтауға арналған, көркем суреттелген және жақсы полиграфиялық сапада шығып тұрады. Журналдың миссиясы – мәдени мұра мен дәстүрлі құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау, мұра тәжірибесі мен дәстүрлері қарым-қатынас пен шығармашылықтың бастау нүктесі болатын өзекті кеңістік құру.