Оқиғалар

"Тек армандаушыларға Жұлдыздар жарқырайды" халықаралық көрмесінің ашылуы.

2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Экспозицияда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан, Грузия, Украина, Испания, Италия, АҚШ және Израиль суретшілерінің туындылары қойылған. Көрермендер станокты кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындалған жұмыстармен танысады. Бұл бұндай атаумен өткізіліп жатқан екінші көрме. Біріншісі 2017 жылы өтті және көрмеге көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдары үлкен қызығушылық танытты.

Жобаның авторы кәсіби суретші, қолданбалы өнер шебері – Лейла Ахмет Осман. Ол 1992 жылы Республикалық өнер колледжін, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 1998 ж. білім алған, Сиэтл қаласындағы Шығармашылық өнер академиясын (Сиэтл, WA, USA, 2010) бітірген. Лейла Ахмет Осман Америка мен Қазақстан арасындағы ізгі ниет елшісі болып табылады. 2011 жылы ол «L. A. O. arts and design» брендін шығарды. (Seattle, WA, USA). 2012 жылы Халықаралық гобелен көрмесіне (Мәскеу, Ресей) қатысқаны үшін «Триенале» дипломын иемденді және «Lucky Turtle» (Жолы болғыш тасбақалар) ((Сиэтл WA, USA. Алматы, Қазақстан.) жаңа брендін ашты.

Көрмені ұйымдастырушы көркемсуретші Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Академиялық сурет және графика кафедрасының оқытушысы Мәлік Жұмағұлов.

Көрменің атауы адамның санасы мен жүрегіне әсер етіп, көрерменнің қызығушылығын және ізіг жақсылыққа деген үмітін оятады. Жобаның негізінде сәттілік, өркендеу және асыл тілектердің орындалу нышанына айналған тасбақаның бейнесі жатыр.

Аңыздардың біріне сәйкес, үш мың жыл бұрын Қытайда үлкен су тасқыны болған. Адамдар өзендердің құдайы Лоның ашуланғанын сезіп, оған құрбандық шалу арқылы оны тыныштандыруға тырысады. Олар құрбандық шалған сайын өзеннен қабыршығында – әрбір қатарда үшеуден тоғыз ұяшыққа бөлінген шаршы түріндегі өрнектері бар тасбақа шығады. Бұл сандарды барлық мүмкін бағыттар бойынша қосқан кезде «15» саны шығады. Осының арқасында адамдар қанша құрбан шалу керектігін түсінеді.

«15» саны Қытайдың күн жылындағы 24 циклдің әрқайсысындағы күндер санына тең болады. Тасбақа қабыршығындағы сандары бар бірінші шаршының суреті біздің эрамызға дейінгі 2200 жылғы Қытайдағы жазбаларда кездеседі. Бұл сандар торы «Lo Shu Magic Square» (Ло Шудың сиқырлы шаршысы) деп аталады. Ол кейінірек Үндістанның Кхаджурахо қаласында табылған XI ғасырдағы жазбада табылған.

Жобаның мақсаты – әлемнің әр түкпірінен келген суретшілердің шығармаларын қабылдау арқылы бұл символдың мәнін жан-жақты ашу. Әрбір суретші өзінің композициялық идеясы арқылы ізгілік пен бейбіт өмірдің жалпыадамзаттық құндылықтарын бейнелейді, оларды заманауи бейберекетсіздікке қарсы қояды. Көрменің ұраны: «Әлем мінсіз емес, бірақ оны тамаша әрі еркін әлемге айналдыру - біздің қолымызда».

Көрме 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Көрме жетекшісі: Баженова Н.А.

Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің «Қазақстанны қолданбалы өнері бөлімінің» жетекшісі.

WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160218-1
WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160218
WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160219
WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160312
WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160400
WhatsApp-Image-2023-08-16-at-160444