Оқиғалар

Әйгілі фотограф Олег Беляловты еске алуға арналған "мәңгілікке қол тигізу" көрмесі ашылады.

2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.

 

Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.

Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.

Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған. 

Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске  алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.

 

Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева

foto2
foto1
foto3