2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті, «Chine Post Group» корпорациясы, Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді. Көрмеге екі тараптан 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалар арасында сурет салу өнері бойынша «Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар, олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы, тарихы мен мәдениеті» тақырыбында салынған 80-нен астам жұмыстар қойылады.
Көрме Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар, олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы, тарихы мен мәдениетін дәріптеу, екі ел арасындағы мәдени байланысты дамыту, Қытай және Қазақстан балаларының сурет салу өнері бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылуда.
Көрме экспозициясына қойылған жұмыстар байқаудың талабына сай акварель, тушь, гравюра техникасында салынған. Экспозициядағы әрбір жұмыс баланың шығармашылық әлеуетінің бірегей көрінісін, сондай-ақ олардың Ұлы Жібек жолының тарихы мен маңыздылығы туралы түсініктерін көрсетеді. Қатысушылар өз шығармаларында Шығыс базарларының, Ұлы Жібек жолы керуендері өткен көне қалалар мен елді мекендердің бейнелерін жаңғыртып, олардың жұмыстары екі ел арасындағы ғасырлар бойғы достыққа да бағытталған, сондай-ақ бүгінгі күні Жібек жолы тарихының маңыздылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, 22-24 тамыз күндері көрме аясында бірқатар іс-шаралар өтеді. 22 тамыз күні сағ. 13.00-де гравюра техникасы бойынша қытай суретшісі, шебер Ниу Гуишенг (Niu Guisheng) шеберлік-сабақ өткізеді. 24 тамыз күні 15.00-де көрменің салтанатты жабылуы аясында «Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады. Спектакль режиссері және «Andres шоқжұлдыздары» актерлік шеберханасының жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ганцева Марина.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (727)394-57-15 (ішкі 123) Ресепшн
Көрменің кураторы: Айдымбаева Ақмарал Алтайқызы 87753409967