Оқиғалар

«Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі

2021 жылы 5 қарашада сағат 15.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Қолөнершілер одағы және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады.

Конкурс  Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың  басшылығымен 11 жыл бойы өткізіліп келеді. Айжан Бекқұлова «Құрмет» орденінің кавалері, WCC\APR құрметті мүшесі әрі кеңесшісі. ҚР Ұлттық Материалдық емес мәдени мұра комитетінің мүшесі. «Мәдениет саласының үздігі».

Бұл көрме – Қазақстан Қолөнершілер одағы мен республика шеберлерінің өзіндік есебі. Көрмеге келген қонақтар халық ісмерлерінің дәстүрлері мен қиял әлеміне қол жеткізе алады. Экспозицияның негізін Республикалық «Шебер» конкурсы мен «ЮНЕСКО сапа белгісі» халықаралық конкурсы жеңімпаздарының жұмыстары құрайды. Мұнда жүзден аса бұйым бар. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қол өнері мен Қазақстанның заманауи қолданбалы өнері туындыларының барлық саласы түгел дерлік көрсетіледі. Олардың ішінде киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер, кесте – біз кесте, қыш, ағаш ою, металды көркемдеп өңдеу, тоқыма және дәстүрлі киімдер бар.

Конкурстың мақсаты – республикада қолөнерді дамыту, халықтық сәндік-қолданбалы өнердің ұмытылған түрлерін жандандыру, қолөнер шеберлерін Республикалық конкурстарға қатысуға тарта отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде көшпелі консультациялар мен шеберлік сабақтары арқылы оларға көмек көрсету. «Шебер» фестивалі шығармашылық процеске дем беріп, ұлттық өнерді насихаттайды. Бұл қалалықтар үшін үлкен мереке, туристер үшін Алматының көркін арттыру мақсатында жұмыс істейтін отбасылар үшін тамаша демалыс.

Фестивальдың бағдарламасы: Конкурс фииналистері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Бұл – қолөнер саласындағы асыға күткен оқиға. Рәсімге конкурс финалистеріне сертификаттар мен сыйлықтар тапсыру және «Шебер-2020/2021» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау. 2019 және 2020 жылдың үздік шеберін жария етіп, оған ХАС ШЕБЕР сыйлығын тапсыру; 2020 жылдың қолөнер секторын ең үздік ұйымдастырушысын жария етіп, оған АРЛАН сыйлығын тапсыру; 2020 және 2021 жылдың үздік жас қолөнершісін жария етіп, оған ЖАЛЫН сыйлығын тапсыру. Марапаттарды конкурс серіктестерінің өкілдері тапсырады. Барлық жеңімпаздар халықаралық фестивальға қатысу үшін шет елге шығу марапаттарына ие болады.

Келушілерге арналған сауықтық-танымдық бөлім: 11 жыл ішіндегі «Шебер» конкурсының жеңімпаздары мен финалистерінің жұмыстарының көрмесі; Қазақстандық жетекші зергер Илья Казаковтың зергерлік өнері бойынша тренингісін өткізу (жабық түрде); этникалық киімдер коллекциясын көрсету: City Nomads – «Қалалық көшпенділер» – Айжан Бекқұлова, «Тұран қыздары» – Күлән Жанғұтты; Этникалық музыка концерті; Қазақстан шеберлері жайлы қысқа видео көрсету. «Шебер» конкурсы – 2006 жылғы «Шеврон» компаниясы мұрындық болған «Қазақстандағы қолөнер мен халықтық кәсіптерді жандандыру» жобасының ажырамас бөлігі.

Көрмені 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуыңызға болады: Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы Бекқұлова Айжан. Тел. +7701 179 53 03, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

sheber-2021-002
sheber-2021-001
sheber-2021-003
sheber-2021-004
sheber-2021-005
sheber-2021-006
sheber-2021-007
sheber-2021-008