Оқиғалар

Виктор Горбуновтың «Әдемі сәттердің шуақ шашуы» атты фотокөрмесі

2021 жылдың 10 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев  атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Виктор Горбуновтың «Әдемі сәттердің шуақ шашуы» атты фотокөрмесі ашылады.

 Виктор Николаевич Горбунов Алматыда дүниеге келді. Спортпен, фотографиямен айналысуды кәсіп қылды. Көптеген халықаралық көрмелерге қатысушы. «Алматы жүздеген линзалар арасынан» фотоконкурсының Бас жүлдегері, «Жыл фотосуреті», «Алматының алтын объективі», «Экофото», «Бейбітшілік және рухани келісім», «Адамдар мен таулар» фотоконкурстарының лауреаты.

Бірнеше фотоальбомды жасауға ат салысты. «Афиша», «Элитный дом», «Дома и интерьеры», «Винтаж», «Вечерняя Алматы» және «Комсомолькая правда» сияқты Алматының газет-журналдарымен тізе қосып еңбек етті.

Ол өзін репортермін деп атай келіп: «Ең әуелі фотоны түсірудің өзі қызықтырады. Репортажды түсірген кезде, әрдайым одан әрі не болатынын алдын-ала біліп отыру керек, қалғаны – техниканың ісі» дейді.

Ол фотосуреттерді жанрларға бөлуді жасанды нәрсе деп санайды, ол өзі суреттерді тек жақсы және жаман деп бөледі. Ол шын мен жалғанды ажырата алады дейді. «Көркем фотография» терминінен аулақ болған жөн. Фотография әлемінде сіз пір тұтатын жандар бар.

Виктор Горбунов – Қазақстан Республикасында жеңіл атлетикадан белгілі жаттықтырушы. Ол сырықпен секіруден жоғары дәрежелі спортшыларды – КСРО құрама командасының мүшелерін дайындады. Оның шәкірттері қазір де Қазақстанның құрама командасының негізгі сапында. 1979 жылы В. Горбуновқа «Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Виктор Горбуновты көп нәрсе қызықтырады, атап айтқанда, рок-н-ролды сүйеді, кітап оқып, фильм қарағанды ұнатады.

«Әдемі сәттердің шуақ шашуы» жеке көрмесі түрлі жанрдағы фотосуреттерден тұрады. Авторды өмірдің барлық көрінісі қызықтырады, олар пейзаж, портрет, спорт, жанрлық суреттемелер. Көрмеге қойылған фотосуреттер – Виктор Николаевич Горбуновтың он жылдық шығармашылық жұмысының нәтижесі.

Көрме қараша айының 23-не дейін жалғасады.