Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» өкілдігінің қатысуымен 2021 жылы 4 қарашада сағат 13.00-де адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналған «МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің бесінші мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Журналистерге арналған баспасөз конференциясы 4 қарашада сағат 11.00-де (музейдің мәжіліс залында), ал баспасөз туры сағат 12.00-де (көрме экспозициясында) өтеді. Көрмені 2021 ж. 14 қарашаға дейін тамашалауға болады.
«Мәңгілік біргеміз» авторлық интерьерлік қуыршақтардың халықаралық мерейтойлық көрмесі Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде оқушылардың күзгі демалыс күндерінде бесінші рет өтеді. Көрмеге авторлық интерьерлік қуыршақ өнерінің түрлі бағытын көрсететін 100-ден астам шебер мен шығармашылық бірлестіктер қатысады. Көрме болған бұрынғы төрт жыл ішінде Ресей, Қазақстан, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан, Белоруссияның 120-дан астам қуыршақшы шеберлері өз өнерлерін көрсеткен болатын. Олардың шығармаларын көрмеге келген 30000-дай адам көріп, тамашалады. 2021 жылы көрмеге қойылған туындылардың тақырыбы – «Алыс және жақын жұлдыздар».
Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. «Ғарышта тұңғыш рет» деп аталатын жұмысы мерейтойлық 2021 жылғы экспозицияның ресми қуыршағы болып отыр. «Мәңгілік біргеміз» авторлық интерьерлік қуыршақтар жобасы тарихында осы қуыршақ алғаш рет 2021 жылы 8 желтоқсанда жүк кемесімен Халықаралық ғарыш бекетіне жеткізіліп, қайтып келген соң ол Халықаралық ғарыш бекетінде ресейлік кино тобының құрамында ұшқан актриса Юлия Пересильдке тапсырылатын болады. Одан басқа, Анастасия Елисееваның «Гагарин» топтамасынан екі жұмыс 2021 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы сәуірге дейін Ресейдің ірі ғылыми-техникалық музейі – Мәскеудегі Космонавтика музейінде өтетін тақырыптық көрмеге қатысуға шақыру алды.
«Мәңгілік біргеміз» Бесінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі күндерінде Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі ұйымдастырған бірқатар ойын-сауық шаралары жоспарланды. Олардың ішінде:
– адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуына арналған «Алыс және жақын жұлдыздар» – 2021 жылдың ұсынылған тақырыптар аясындағы авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі
– М.А. Булгаковтың туғанына 130 жыл толуына және Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналған авторлық интерьерлік қуыршақтар конкурсы;
– Ресей өңірінен келген қуыршақшы шеберлер мен шығармашылық ұжымдардың экспозициясы – олардың ішінде «Мәңгілік біргеміз» көрмесі серіктесі болған «Сән тарихы» халықаралық жобасының конкурстық жұмыстары, «Бір күні Нижнийде» Нижегород қуыршақшылар артелінің коллекциясы және Якутия шеберлерінің жұмыстары бар;
– Қазақстан мен Ресейдің қуыршақшы шеберлерінің қатысуымен «Қуыршақ жасаудағы заманауи технологиялар және халықтық сәндік шығармашылықты сақтау» атты дөңгелек үстел;
– «Сән тарихы» бірегей қуыршақтар көрмесінің негізін салған Надежда Цыганованың шеберлік сауығы (Мәскеу);
– Ф. Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына арналған «Созвездие Андрес» балалар театр студиясы дайындаған спектакльдің премьерасы, қойған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Ю. Ганцева;
– «Ғарыш туралы арманмен» мәнерлеп оқу байқауының қорытындысын шығару.
Оксана Танская – Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ тарапынан көрме жетекшісі
Журналистерді аккредитациялау жөнінде Юрий Красильников +7 777 383 5414
Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ
Қтетін күні мен уақыты: 4-14 қараша 10:00-нан 18:00-ге дейін, дүйсенбіден басқа күндері, күн сайын
Көрменің салтанатты ашылуы: 4 қараша сағат13:00
БАҚ үшін: 4 қараша сағат 11:00 – Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің мәжіліс залында; сағат 12:00 – көрме жайлы баспасөз туры