Оқиғалар

Елена және Владимир Григоряндардың өз шәкірттерінің «Саз үндестігі» көрмесі

2021 ж. 22 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Елена және Владимир Григоряндардың авторлық қышының шеберханасы өз шәкірттерінің «Саз үндестігі» көрмесін ұсынады.

Экспозицияда 16 қатысушы өз өнерлерін көрсетеді, көрме «Шамшырақтар», «Тостағандар», «Уақыт бедерлері» атты негізгі үш тақырыптық инсталляциядан құралған. Авторлар жұмыстарына өздерінше сезініп, түйсінетін басты материал етіп саз балшықты таңдап алған. Көрме коллекциялық дизайн объектілері мәртебесіне заңды түрде өткен қазіргі әлемдегі қыш бұйымдарының кескінді, үйлесімді «дыбысталуын» көрсетеді. Көрмеге шығармаларын қойған қышшылар табиғаттан, тарихтан және жетістіктер көзінен шабыт алған. Олар жасаған жұмыстар күнделікті өмірде кездесетін заттардың рухани, көркемдік және тактильді әлеуетін ашады, олар шебер қолының жылуына толы. Ежелгі уақытта адамдар құмырашылардың сиқырлы күші бар деп сенді. Қыштан жасалған туындыларды жасау процесіне адамнан басқа төрт элемент қатысады: бұлар: жер – бұл саздың өзі, су – оны сұйылтуға қызмет етеді, ауа – мүсінделген пішіндерді кептіреді, ал от оларды күйдіріп, бұйымға соңғы бейнесін береді. Бұлардың барлығы шеберге бағынады. Саз балшық – өркениет пайда болғалы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан, мыңдаған жылдық тарихы бар керемет табиғи материал. Технологияның дамуы жаңа экспрессивті құралдар – күрделі әшекейлер мен ангобаларды табуға, күйдіру сапасын арттыруға, электрлі көзе ұршығын жасайтын жаңа бейнелеу құралдарын табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бүкіл артықшыларды қолданса да, саз балшықпен жұмыс істеу әдістері өзгеріссіз қала береді, ал адамның қолдары – қыш жасаудың негізгі құралы.

Елена Григорян: «Елена және Владимир Григорьяндардың шеберханасы – кәсіби қыш суретшілері мен мүсіншілерді біріктірген, пластикалық шеберлікке үйрететін қыш шеберханаларымен үйлесім табатын экспозициялық кеңістік болған «Сlay House Gallery» бірегей өнер алаңы алғаш іргесі қаланып, өмірге жолдама алған орын. Бұл – Қазақстандағы алғашқы авторлық қыш галереясы. Ол 2012 жылы қышпен бұрыннан табысты жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық суретшілердің бастамасымен құрылды. Мұнда көптен бері түрлі мамандық иелері, әр түрлі жастағы адамдар оқып-үйренеді. Олардың бәрі қыш өнеріне деген ыстық ықыластарымен келген. Қыш туралы негізгі білімді алғаннан кейін форма мен түстің үйлесімін іздеп, әркім өз жолымен кетеді. Бір студия кеңістігінде бірігіп жұмыс істеу жаңа ізденістер мен тәжірибелерге жол ашады. Жапонның раку және шұңқырларда жағу деп аталатын техникасы ашық аспан астында жүргізілетін көшпелі шеберлік сабақ ретінде дәстүрге айналды. Ландшафтық ортада қондырғылар, қыштан фотосессиялар жасалады. Әртүрлі керамикалық орталықтарға бірлескен саяхат студияның шығармашылық өмірінде ерекше орын алады. «Viaggi Paralleli» (Италия) жобасының арқасында біздің студияның қатысушыларына итальяндық сазбен және глазурьмен жұмыс істеуге, қыш орталықтарына саяхаттауға және өз жұмыстарымен Ланчанодағы Халықаралық фестивальға қатысуға мүмкіндік алды. Мұның бәрі, әрине, қызықты авторлық қолтаңбалар мен өзіндік жарқын тұлғалардың қалыптасуына ықпал етеді. «Саз үндестігі» көрмесі – шығармашылыққа бет алған, қышты сүйетін және оқып-үйренуде табандылық танытып, жасампаз болатын адамдар үшін ашылатын мүмкіндіктердің бір бөлігін көрсетуге жасалған әрекет».

Экспозицияда Айша Юсупова, Алина Друзик, Анель Құлахметова, Арина Ван Энгелен, Елена Мазур, Ирина Ароян, Эльза Ким, Ирина Шлыгина, Қаламқас Бектұрғанова, Карина Дмитриева, Лариса Арюткина, Лилия Гобеклиоглу, Наталья Покидова, Нике Скиданова, Татьяна Грохотова, Юлия Ленгардттардың жұмыстары қойылды.

Көрме қараша айынының 7-не дейін жалғасады.

sozvuchie-glin-afisha-001
sozvuchie-glin-afisha-002
sozvuchie-glin-afisha-003
sozvuchie-glin-afisha-004
sozvuchie-glin-afisha-005