Оқиғалар

Ольга Киселеваның «Ағаш даналығын тыңдасақ…» жеке көрмесі

2021 ж. 4 қараша күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ольга Киселёваның (Франция) «Ағаш даналығын тыңдасақ…» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция өнер мен ғылым тоғысындағы фото-арт, видео-арт және қондырғыларды қамтиды.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, «Cultural Dialogue» қоғамдық қоры Қазақстанда халықаралық EDEN жобасын ұсынады. Жоба Ольга Киселёваның (STARTS 2020 Еуропа комиссиясының сыйлығы мен Ars Electronica лауреаты) көрмесі мен шет елдік кураторлардың қатысуымен халықаралық симпозиум өткізеді.

Көрме аясындағы халықаралық симпозиум Каспий университетінде 4 қарашада сағат 10.00-15.00-де болады.

Белгілі халықаралық суретші әрі зерттеуші, Сорбонна университетінің профессоры Ольга Киселёваның көрмесі – Қазақстандағы халықаралық EDEN жобасының бір бөлігі. Автор өнер ғылыммен тығыз байланысып, жаһандық экологиялық дағдарыс дәуірінде биоәртүрлілікті сақтауға бет бұрған Art&Science бағытында өзінің бар мүмкіндігін белсенді түрде көрсетеді. Ольга соңғы жылдары кеңінен тараған өнер, биология, антропология және археоботаника тоғысындағы аса перспективалы бағытта жұмыс істейді.

EDEN (Ethics and Durability for Ecology of the Nature) ғылымаралық жобасы өсімдіктердің жоғалып бара жатқан түрлерін жандандырып, сақтап қалуға бағытталған. Жобаны 2021 жылдан бері Сорбонна университеті мен Халықаралық Өнер және ғылым институтының қолдауымен суретші-зерттеуші Ольга Киселёва жетілдіріп келеді. Жобаның арқасында батыс еуропалық шегіршін, Жаңа Зеландияның ең көне кауриі, Иудейдің киелі афарсемоны, сусыз шөлде өсетін ежелгі құрма, жер бетіндегі барлық балқарағайлардың атасы – австралиялық воллеми балқарағайы сияқты бірқатар ерекше өсімдіктер сақталып қалды. 

Қазақстанда Ольга Киселёваның зерттеу тобы өзекті экологиялық мәселелерді шешуде дәстүрлі емес тәсілдерді, атап айтқанда, сиверс алма ағашын сақтап қалуды ұсынатын ғылым, технология және өнер тоғысында көркем контентті құру бойынша бірқатар зерттеулерді жүзеге асыруда. Жер бетінен жойылып кету қаупі төніп тұрған, алманың бұл ең көне биологиялық түрі әлі де «барлық алмалардың анасы» деп аталады,

kiseleva

«Ағаш даналығын тыңдасақ…» көрмесі арнайы бергіштердің көмегімен әр түрлі өсімдіктерден алынған байланыстарды, импульстерді, ақпаратты зерттеу және шығармашылық түсінуді білдіреді. Осы сигналдарды түрлендіре әрі әр түрлі медианы қолдана отырып, шығармашылық жобалар түрінде жүзеге асыру экспозицияның құрамын жасақтайды.

Автордың әрбір жұмысы – тірі процесс, диалог, даму процесін бақылау және қоршаған ортаны қабылдай білуге шақыру. Шығармашылық күш-қуатты ғылыми зерттемелермен ұштастыру нәтижесінда суретші ағаштың даналығын тыңдауға ынталандырады.

Көрме 2021 жылдың тамыз айында Қазақстанда өткен ғылыми-көркемдік экспедицияның зерттеу және шығармашылық процесінің нәтижесі болды. Жоба шеңберінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтетін Contemporary Art and Natural Heritage халықаралық симпозиумы өнер мен ғылымның табиғи мұраны сақтаудағы өзара іс-қимылының негізгі проблемаларын айтуға мүмкіндік береді.

Жобаны мәдениет саласындағы Ханзада Клаус қоры (Нидерланды), Гете институты (Германия) сияқты халықаралық қорлар қолдады. Жобаға ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» халықаралық бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті (ХБА), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, «Алмалы жұмақ» ҚҚ қолдау көрсетеді. Қазақстандағы жобаның ұйымдастырушысы «Cultural Dialogue» қоғамдық қоры.

Көрме қараша айының 14-не дейін жалғасады.

Өмірбаяндық анықтама

Ольга Киселева, суретші, Сорбонна университетінің профессоры әрі халықаралық Өнер және ғылым институтының директоры, 1965 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келді. Ол өз жұмыстарында ірі ауқымды көркемдік инсталляциялар мен интерактивті көрмелерді құра отырып, түрлі ғылыми және технологиялық инновацияларды пайдаланады.  1988 жылы Штиглиц атындағы Петербург Көркемсурет-өнеркәсіптік акдемиясын аяқтағаннан кейін Ольга Киселёва Fulbright Fondation бағдарламасының шақыруымен Америкада жұмыс істейді. 90-жылдардың басында ол Калифорниядағы Силикон алқабының Apple, Yahoo, Hewlett Packard сияқты ірі фирмаларымен бірге еңбек етеді, Калифорния университетінде жұмыс істейді. Бұл зерттеулерінің нәтижесі Ольга Киселёваның 1996 жылы Сорбоннада қорғаған дисертациясында қорытындыланды.

Даниэль Бюрен мен Понтюс Хюльтеннің шақыруымен 1995 жылы ол Помпиду орталығының жанындағы Жоғары визуалдық өнер институтының мүшесі болып, теориялық зерттеулерін көркемдік іс-тәжірибемен ұштастыра бастайды. Ольга Киселёваның жұмыстары әлемнің ірі музейлері: Париждегі заманауи өнер музейінде, Хельсинкидегі KIASMA заманауи өнер музейінде, Чикагодағы заманауи өнер институтында, Нью-Йорктегі заманауи өнер музейінде (МоМА), Бильбаодағы Гуггенхайм заманауи өнер музейінде, Мәскеудегі Мемлекеттік заманауи өнер орталығында, Санкт-Петербургтегі Орыс музейінде сақтаулы. Олар Венецияда, Стамбулда, Берлинде, Лионда және Мәскеуде өткен көптеген халықаралық көрмелер мен биенналерде жұртшылыққа ұсынылды.