Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Н.Г. Хлудовтың туғанына 175 жыл толуына арналған (1850-1935) суретші туындыларының «Азия аспаны астында» көрмесі ашылды.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп «Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесін ұсынады. Экспозицияда Хальфиннің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмірбаянының әр түрлі кезеңдері ұсынылады. Шығармалардың көпшілігі суретшімен өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс жасаған «Тенгри-Умай» галереясымен ұсынылған.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Владимир Филатовқа Хальфиннің туындыларын сақтағаны үшін және осы көрмені өткізу бастамасы үшін алғыс білдіреді. Виртуалды көрменің ашылуы 2020 жылдың 17 шілдесінде, сағат 12.00-де болады
2020 жылдың 12 маусымында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи жапон график суретшілерінің шығармашылығын көрсететін «НОРМАН ТОЛМАННЫҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҒЫ» ОНЛАЙН-көрмесі өтеді. Көрмеде 2012 жылы графиканың әр түрлі техникасында жасалған 8 туындыдан тұратын топтама ұсынылады. Онлайн-көрмені өткізудің негізгі алаңы – Facebook платформасы, онда 12 маусымда сағат 12.00-де ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕНІҢ ашылуы өтеді.
Бұл «Таң-Шолпан» ХТӘСҚ-дың орта буын және жас суретшілер шығармашылық көрмесінде санадан тыс дүниені құрайтын және ішкі әуен үндестігін сездірте баян етеді. Суретшілер қоршаған ортаның тепе-теңдік үйлесімділгін жан-жақты електен өткізе, өзіндік ерекше композициялық идеясымен және көркемдік мәнерімен көрініс табады. Айталық олар тақырыптық композицияларында аңыз бен көне тіршілік тылсымын, бүгінгі қала мен дала өмір тынысын бейнелей, ондағы атмосфераны көрерменге бүкпесіз жеткізген.
Белгілі қазақстандық суретші Ирина Яреманың жеке көрмесінде 40 аса авторлық туындылар ұсынылған. Олар шығармашылығының әр түрлі жылдарында жасалған гобелендер, кескіндемелік шығармалар, графикалық суреттер мен гобелен эскиздері.